Школьный портал г.Талдыкорган
kk-KZru-RUen-US
Детский сад
Детский сад

«Өнерлі отбасы» фестивалі болашақ жұлдыздарды жағады



2016 жылдың 25 қарашасында Назарбаев Зияткерлік мектебі балабақшасында балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Өнерлі отбасы» фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль ата-аналар мен балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және біріккен шығармашылық жұмысын қалыптастыру, жас ұрпақты өнерге баулу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.
Аталмыш фестивальге балабақшаның әр топтарынан 16 отбасы қатысты. Фестиваль барысында балалар мен ата-аналар өз өнерлерін көрсетуге барынша күш салды. Қатысушылар би билеу, ән айту, өлеңді мәнерлеп оқу сияқты түрлі жанрлар бойынша өнер көрсетті.
Кейбір жұптар мың бұрала билеп көрермендердің көңілдерін көтерсе, енді бірі әншілік шеберліктерімен алдыңғы қатардан көрінді. Фестиваль тек балалардың таланттарының жарқырап ашылуына ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың да шығармашылық қабілеттерін көрсетуіне жол ашты.






Шара соңында ата-аналар фестивальді ұйымдастырған балабақша ұжымына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Қызыққа толы болған өнер фестивалі көрермендерге ерекше қуаныш сыйлады. Қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, оларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.















>











«Алтын күз» фестивалі



2016 жылдың қазан айының 24-28 жұлдызы аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебі балабақшасында «Алтын күз» фестивалі өткізілді. Фестиваль балалардың күз мезгілінің ерекшеліктері, жомарттығы туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, ата-аналарды балабақша өміріне белсенді араластыру мақсатында ұйымдастырылды.
Күзгі фестиваль аясында барлық топтарда түрлі шаралар ұйымдастырылды. Әр топ тәрбиешілері ата-аналармен, балалармен бірлесе топ бөлмелері мен дәлізді «Күз» тақырыбында безендірді. Бүлдіршіндер «Күз» тақырыбына арналған суреттер салып, ермексаздан түрлі жемістер мен көкөністер жасаса, ата-аналар «Күз көрмесіне» арнап жемістер мен көкөністерден балаларымен бірлесе түрлі бұйымдар, салаттар дайындады.






Фестивальдің қорытынды кезеңінде әр топта мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер ән салып, би билеп, бар өнерлерін ортаға салды.




Ата-аналар бұл шарадан да тыс қалмай, балаларға арнап ертегі қойылымдарын дайындады. Тілдік ортаға жартылай енгізу кіші тобының ата-аналары «Жануарлардың қысқа дайындығы» ертегісін қуыршақ театры арқылы сахналаса, тілдік ортаға жартылай енгізу орта тобының ата-аналары «Көкөністер дауы» ертегісін қазақ тілінде қойды.




Фестивальді өткізуге барлық топ жауапкершілікпен дайындалып, белсене қатысты. Олардың дайындығы төмендегі өлшемдер бойынша бағаланды:
1. топ бөлмесі мен дәлізді безендіру;
2. «Күз» тақырыбына арналған суреттер көрмесі;
3. жемістер мен көкөністерден жасалған бұйымдар көрмесі;
4. балалармен бірге көкөністер мен жемістерден салаттар жасау;
5. күз тақырыбына арналған театрландырылған қойылым;
6. өлеңдер мен тақпақтарды мәнерлеп айту.
1 аптаға созылған фестивальдің жабылу салтанаты балабақшаның музыка залында өтті. Балабақша меңгерушісі Г.Н. Үйсінбекова барлық топ бүлдіршіндері мен ата-аналарға фестивальге белсене қатысқаны үшін алғыс білдіріп, оларға марапаттау қағаздары мен сыйлықтар ұсынды.









«Батырлар сайысы» эстафеталық жарысы


2016 жылдың 29 сәуірінде Назарбаев Зияткерлік мектебі балабақшасында орта және ересек топ бүлдіршіндері мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Батырлар сайысы» эстафеталық жарысы ұйымдастырылды. Спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ата-аналар мен балаларды спортпен шұғылдануға, белсенділікке, бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру, балабақша мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Командалар секіргішпен секіру, жүгіру, допты нысанаға салу, туннельмен жүгіру, арқан тарту сияқты спорттық эстафета түрлерінен бақ сынады.










Тапқырлық танытып, ептілігін көрсете білген топтарға жанкүйерлер қолдау көрсетті.










Сайыс қорытындысы бойынша ересек топтар арасында жүлделі І орынды қазақ тілді ересек тобы жеңіп алса, орта топтар арасында қазақ тілді орта тобы жеңіске жетті. Сайысқа қатысқан командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Спорттық жарысқа белсене қатысқан ата-аналарға алғысымыз шексіз.

НЗМ балабақшасының қазақ тілі мұғалімі: Жаңабай Ә.Қ.



Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында: «Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін бірдей жақсы меңгеретін болады. Олар осы арқылы бейбіт әрі қарқынды дамыған елінің патриоты болады» деген болатын. «Үштұғырлы тіл» идеясының құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Осы орайда балабақшалар мен мектептерде үш тілде білім беруді қолға алудағы мақсат – үш тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлға қалыптастыру болып табылады.
Талдықорған қаласындағы НЗМ балабақшасында да бүлдіршіндерге ерте жастан бастап ағылшын тілін үйрету қолға алынған. Тілдік ортаға енгізу бағдарламасы бойынша тәрбиеленіп, білім алып жатқан балдырғандар қазақ тілімен қоса, ағылшын тілін де оқиды. Балабақшамызда English-kids бағдарламасы бойынша бүлдіршіндердің ағылшын тілін белсенді меңгерулері үшін жағдай жасалған. Соның нәтижесінде балалар сөздерді дұрыс дыбыстауды үйреніп, ағылшын тілінде сөздік қорлары қалыптасты.
2016 жылдың 29 сәуірінде балабақшамыздың ағылшын тілі мұғалімі С.Ә. Әлімғазина, музыка жетекшісі А.Қ. Рысбаева және хореограф Р.Н. Шарипованың жетекшілігімен орта және ересек топ тәрбиеленушілері «Үйшік» ертегісін ағылшын тілінде сахналады. Ертегі кейіпкерлерін сомдауға балабақшаның әртүрлі жастағы тәрбиеленушілері алынғанына қарамастан, ертегіні сахналау барысында олардың ұйымшылдығы, бір-бірін тыңдап, қолдау білдіруі сезілді.




Балалар ертегінің мазмұнын, негізгі ойын дұрыс түсініп, өз рөлдерін жақсы ойнады. Әсіресе, олардың сахнада өздерін еркін ұстауы бізді қуантты.
Мюзикльді тамашалауға келген қонақтар залдың безендірілуіне, балалардың әртістік шеберліктеріне, кейіпкерлерді сомдау мәнеріне тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.



Балабақшаның қазақ тілі мұғалімі: Жаңабай Ә.Қ.


Детский сад
     
 
 
   
   
 
полные элементы   4   элементов на странице