Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Ынтымақтастық және тәжірибе




Береке көзі – бірлікте


Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қарым – қатынастың болуы. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата - ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды. Ал ұстаз ретінде біз оқушыларымызды білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбек етудеміз. Бұдан жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасында тығыз байланыс орнағанын байқауға болады. 2012 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектебі Тілге ену бағдарламасы бойынша білім беруде. Қазіргі таңда мектебімізде 3 сынып осы бағдарламамен білім алуда. Елімізде бұл алғаш жүргізіліп отырған эксперимент болғандықтан, мектеп ата-аналармен күш біріктіріп, үлкен жауапты істі атқаруда. Мәселен, әр оқушының ата-анасымен жеке де, бірге де кездесулер жасап, туындаған сұрақтарды бірлесіп шешуді алдымызға мақсат етіп қойдық. Мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру ата-ана үшін де пайдалы. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді. Жыл бойы ата-аналар балаларының оқуын қадағалап, қолдау көрсетіп отырады. Әр жұма сайын ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылып, балаларының жетістіктеріне тоқталып, жеке пәндер бойынша кедергілерге назар аударылады. Ата-аналардың туындаған сұрақтарына жауап беріліп, кеңес алып отырады. 2В мен 3В Тілдік ортаға ену сыныптары болғандықтан, өзге ұлт өкілдері білімді қазақ тілінде меңгеруі тиіс. Білім саласындағы бұндай өзгеріс оқушылармен қатар олардың ата-аналарына да қиындық туғызды десек те болады. Себебі, ата-аналар балаларының сабағына көмектесу үшін тілді білу маңызды екенін мойындайды. Осы тұрғыда ата-аналарымыз мемлекеттік тілді үйрену клубына қытысып, өздерінің көптеген сұрақтарына жауап алып отырады. Жылдық жоспарда қарастырылған барлық лексикалық және грамматикалық тақырыптар туралы ақпарат алып, үнемі мектеп өміріне тығыз араласады. Сонымен қатар, екі сыныпта да ата-аналармен тоқсан сайын өтетін «Біз сабаққа дайынбыз ба?», «Үй жұмысын қалай орындаймыз?», «Біздің отбасымыздың дәстүрлері», «Болашақта мектепті қалай елестетеміз?» және т.б. көптеген тақырыптарда жоспарлы жиналыстармен қатар, оқушылардың білімі мен тәртібіне қатысты жеке кездесулер ұйымдастыру әдетке айналған. Осылайша, Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналары өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтып, оқу үрдісіне елеулі үлес қосуда.
Құрмансеитова Р.М.
Сабитова С. С.



«Тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісі: тәжірибе және инновация»

Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ-нің
тілдерді үйлестірушісі Дүйсебаева Л.Т.


Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің балабақша ұжымы үш жылдан бері тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісі бойынша білім беру қызметін атқарып келеді. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері Эстонияда Innove тілдік ортаға енгізіп оқыту орталығында курстан өтті, 12 мұғалім тілдік ортаға енгізізіп оқыту әдісі бойынша жаттықтырушылық курстан өтті. Эстониядағы тілдік ортаға енгізіп оқыту бастамасы мына нәтижені көздейді:
• Көптілділік көпмәдениетті ортада табысқа жетудің негізі болып табылады;
• Тілдік ортаға енгізіп оқыту бағдарламасы бойынша білім алған түлектер қоғамдағы өмірлік міндеттердің шешімін оңай табады, соған қоса өзінің мәдени болмысын жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасы көпмәдениетті мемлекет болып табылады және көптілділік саясаты білім беру мен білім беру тәсілдемесінің өзгеруіне жаңа талаптар қоюда. Тілдік отраға енгізіп оқыту Бағдарламасы осы күнде өзекті болып табылады, қазіргі кезде Талдықорған және Көкшетау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде осы бағдарлама енгізілуде. Балабақшадан бастап балалар мемлекеттік тілді меңгере бастайды және оны қазақ елінің мәдениетімен байланыстырады. Тілдік дағдылар мен оқу біліктілігін бақылау үшін жыл сайын тілдік ортаға енгізіп оқытылатын топтағы оқушылардың жетістік мониторингі жасалады. Бұл мониторингті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалар орталығы мен Эстонияның Тілдік ортаға енгізіп оқыту орталығының сарапшылары Мялицына Наталья мен Белова Светлана бірлесе өткізеді.
Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ-нің порталында тілдік ортаға енгізіп оқытуға байланысты парақша ашылған, онда осы әдіс бойынша мектеп жұмысының тәжірибесі таратылады. 2014-2015 оқу жылының басынан бастап Талдықорған қаласындағы № 4, 5, 10 пилоттық мектептер мен №7, 11 балабақша ұжымы тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісімен таныстырылды. Бүгінгі күні көптілді білім беруді дамытуда осы әдіс жаңашылдық болып табылады, сондықтан қала мектептерінің көптеген мұғалімдері үшін қызығушылық туындатуда, сол себепті Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ ұжымы тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісі бойынша эксперимент кезеңінің қорытындысын шығаруға және келешекте тәжірибені таратуға байланысты оңтайлы тәсілді анықтау үшін семинар ұйымдастырды. Тәжірибені тарату және басқа білім мекемелерімен қызметтестікті қалыптастыру мақсатында семинарға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалар орталығының мамандарымен қоса, Көкшетау, Астана қалаларындағы балабақшаның меңгерушілері мен әдіскерлері, Алматы облысының қалалық және облыстық білім бөлімінің мамандары, Талдықорған қаласындағы №4, №5, №10 орта мектептердің бастауыш сынып әдіскерлері, №7, №11 балабақшаның әдіскерлері, Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері, Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері қатысты. Бұл өңіраралық семинар 2015 жылғы 17-18 наурызда «Тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісі: тәжірибе және инновация» деген тақырыппен өтті.
Семинар мақсаты: балабақшадағы тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісі бойынша эксперимент кезеңінің қорытындысын шығару және тілдік ортаға енгізіп оқыту Бағдарламасын тарату үшін бірлескен қызметтестіктің келешегін айқындау.
Семинар кезінде қатысушылар балабақшадағы тілдік ортаға енгізіп оқыту тәжірибесімен танысты және ерте жастан қазақ тіліне енгізіп оқытудың тиімділігіне тағы да көз жеткізді; тілдік ортаға енгізіп оқыту Бағдарламасын жүзеге асыру барысында туындаған мәселелерді талқылады; қазақ тілді ортаға енгізіп оқытуды дамытуға байланысты мектеп жұмысының бірлескен келешек жоспарын жасады.




Қазақ тілін біліп қана қоймай, баланың жан-жақты дамуына, сауаттылығына, қазіргі мектептегі жаңаша білім беруге дайындалуына зор ықпал ететін жаңа әдіске қатысушылар жоғары қызығушылық танытты. Алғашқы күні балабақшадағы сабақтарға қатысқаннан кейін, әріптестер стандартты орындау, сағат санының бөлінуі, бұрынғы және қазіргі сабақтардың тиімділігі туралы сұрақтар қойды. Екінші күні олар балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы білім берудің біртұтастығын көрді, тәрбиешілер мен мұғалімдердің оқу бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты командалық жұмысы, оқу ресурстарымен шығармашылық жұмыс балабақша тәрбиеленушісі мен бастауыш сынып оқушысының тілді еркін меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталғанына көз жеткізді.
Шеберлік сабағы кезінде балабақша мен бастауыш мектепте жұмыс істейтін әріптестер мамандармен бірге топтарға бөлінді, бастапқыда табысты балабақша түлегі мен бірінші сынып оқушысының үлгісін талқылады. Қызу талқылағаннан кейін, қатысушылар мектепте оқуға дайын балабақша тәрбиеленушісінің сипаттамасы туралы бір шешімге тоқталды.




Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ балабақшасында қазақ тілінде оқитын әр түрлі ұлттың балалары өз ұлтының мәдениетін меңгеру арқылы адами құндылықтарға, қарым-қатынасқа, өнер ерекшеліктеріне үйренеді.




Тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісінің барлық ерекшеліктері балалармен жұмыста да, семинарға қатысушылармен жүргізілген шеберлік сабақтарында да бақыланып отырды. Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ тілдік ортаға енгізіп оқытатын сыныптарының мұғалімдері Сабдина Айнұр Амантайқызы мен Магавина Гүлбану «Тілдік ортаға енгізіп оқытатын сыныптардағы сабақта жүйелі қызметтестік тәсілдеме» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырылған шеберлік сабағының мазмұны қатысушыларға пәндерді кіріктіру кезінде жүзеге асатын оқу үрдісінің біртұтастығы мен жүйелілігі қаншалықты маңызды екендігін түсінуге ықпал етті.
Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиеленушілері тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісін қолдану кезінде оқу үрдісін ұйымдастыруда туындайтын өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын көздейтін шеберлік сабағын ұйымдастырды.




Шеберлік сабағының үлгісі топтық және жұптық жұмыстармен қарым-қатынас, белсенді әрекеттер арқылы қызметтестікке және белсенді қарым-қатынасқа жетеледі.
Қатысушыларды балабақша мен бастауыш мектепте балаларының әрекетін бақылау үшін тілдік ортаға енгізіп оқыту Клубына қатысып жүрген ата-аналар әрекеті таңқалдырды. Ата-аналар өз балаларының осы ортада өзін жайлы сезінетінін, қазақ тілін еркін меңгеретінін, осының барлығы ерінбей еңбектенетін кәсіби білікті ұстаздар жұмысының нәтижесі екенін зор ықыласпен айтты. Өз балаларының жеңіл, зор ынтамен тілді үйренетінін көргеннен кейін, ата-аналар балабақшадағы тілдік ортаға енгізіп оқытатын топтарға балаларын еркін тапсыратыны белгілі болды.
Семинар кезінде Көкшетау, Астана қалаларынан келген қонақтар Қазақстан Республикасының басқа мектептері мен балалақша тәрбиешілерімен тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісінің мүмкіндіктері туралы өз ойларымен бөлісті.
Семинар тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісін енгізу кезіндегі қызметтестікті толыққанды түсіну туралы коллаж толтырумен аяқталды. Жұмыс кезінде әр топ тілдік ортаға енгізіп оқыту Бағдарламасын дамытуға байланысты өз көзқарастарын көрсетуге тырысты, нәтижесінде 201-2017 жылдарға арналған келешек жоспар құрылды.






Барлық топтағы қатысушылардың бірлесе жасаған әрекет жоспары біріктірілді, ол төмендегідей мазмұнда құрылды:

Стратегиялық мақсат: басқа мектепалды дайындық және мектептік білім беру мекемелерінде тілдік ортаға енгізіп оқытуды енгізуге және озық тәжірибелерді таратуға жағдай жасау.
Міндеттер:
1. Оқытудың әдістемелік құралдар жинағын шығару.
2. Тілдік ортаға енгізіп оқытуға байланысты он-лайн семинарлар мен конференциялар өткізу.
3. Қалалық, облыстық, республикалық мектептердің мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу үшін семинарлар мен тренингтер өткізу.
4. Жергілікті және мемлекеттік басқару ұйымдарынан қолдау табу.
әрекет жауапты ресурстар (адами/материалдық) орындалу мерзімі жетістік критерийі (күтілетін нәтиже)
1 Балабақша мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін тілдік ортаға енгізіп оқытуға байланысты курс ұйымдастыру ББО, ПӨО, қалалық және облыстық білім беру департаменты Шетелдік әріптестер, тілдік ортаға енгізіп оқытудың жаттықтырушылары 5-25 маусым Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру
2 он-лайн конференциялар мен сабақтардың жоспарын жасау ББО, пилоттық мектептер мен балабақшалар Таныстырылым, пилоттық мектептегі әріптестер Жыл бойы Тілдік ортаға енгізіп оқыту әдістемесіне байланысты әдістемелік жинақ
3 Үштілділікті жүзеге асыруға байланысты ата-аналарға арналған семинар өткізу Әрбір оқу мекемесінде Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ педагогтері мен ата-аналары Жыл бойы Жалпы білім беретін мектептер мен балабақша ата-аналарын үштілділік саясаты туралы хабардар ету
4 Электрондық ресурстық база қалыптастыру ББО, мектептер «Тілдік ортаға енгізіп оқыту», tk.nis.edu.kz сайты, мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналған әдістемелік материалдар Жыл бойы Мұғалімдердің әдістемелік дайындығын жетілдіру, тілдік ортаға енгізіп оқыту әдістемесіне қызығушылығын арттыру
5 Педагогикалық кеңестерде тілдік ортаға енгізіп оқыту мәселелерін қарастыру Пилоттық мектептер мен балабақшалар Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ педагогтері мен тәрбиешілері, әдістемелік әзірлемелер қыркүйек, 2015 жыл. Пилоттық балабақшаларда апробациядан өткізу
6 Халықаралық жаттықтырушылардың қатысуымен конференциялар ұйымдастыру ББО, Көкшетау, Талдықорған қ. НЗМ Шақыру, конференция бағдарламасы, қатысушылар тізімі, конференция материалдары 2015-2016 оқу жылы Халықаралық тәжірибемен алмасу
7 Жергілікті және мемлекеттік басқару ұйымдары өкілінің қатысуымен НЗМ тілдік ортаға енгізіп оқытуды енгізуге байланысты дөңгелек үстел ұйымдастыру Қалалық білім бөлімі, Облыстық білім бөлімі Әдістемелік кабинет, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы, пилоттық мектептер мен балабақша тәрбиешілері, Талдықорған қ. ФМБ НЗМ-нің өкілдері, қалалық білім бөлімі, қблыстық білім бөлімі өкілдері 2016-2017 оқу жылы Пилоттық мектептерде Талдықорған қ. ФМБ НЗМ-нің бастауыш мектебінде тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісін енгізу


Семинарға қатысушылар өз фотосуреттері жапсырылған үлгідегі кестені толтыру арқылы осы семинардың өткізілуіне ризашылықтарын білдірді, Қазақстанның барлық балабақшалары мен мектептеріне тілдік ортаға енгізіп оқыту әдісін енгізуде бірлесе игілікті істер атқаруға тілек білдірді. Мектептің психологі С.Жақамбаева барлық қатысушыларды бір шеңберге бір жіппен тұрғызып, семинарды жарқын көңілмен аяқтауға жағдай жасады.





Мемлекеттік тілге енгізіп оқыту тәжірибесі – Назарбаев Зияткерлік мектебінің құнды бастамасы

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
тілдер координаторы Л.Т.Дуйсебаева


Тіл - ұлттың жаны. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2011-2012 оқу жылынан «Тілдік ортаға енгізіп оқыту» бағдарламасы балабақшадан басталып, бастауыш сыныптарында өз жалғасын тауып отыр. Осындай әдіс мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың тағы бір тиімді тәжірибесі екенін дәлелдеу мақсатында апробациядан өткен мұғалімдердің жұмысы көрсетілді. Үйінде орысша сөйлесе де, мектепте мемлекеттік тілде дәріс алып жүрген балалардың жетістіктерімен таныстырып, пікір алмасу үшін қала балабақшалары мен мектеп басшыларына, ұстаздарына, тәрбиешілеріне арнайы семинар ұйымдастырылды. Семинарға № 7, 11 балабақшаларының меңгерушілері мен тәрбиешілері, № 4, 5, 11 мектептердің директорлары мен директордың орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар жаттықтырушылары, Эстония мемлекетінің «Иннове» тілге енгізу орталығының мамандары Светлана Белова мен Наталья Мялицына екі күндік семинарда Эстонияның осы бағдарламадағы жеткен жетістіктері туралы айтып, қонақтарды осы бағытта Назарбаев Зияткерлік мектебінде жүргізіліп жатқан жұмыстың үлгісімен таныстырды.






Семинардың алғашқы күнінде «Тілдік ортаға енгізіп оқыту» бағдарламасы туралы қатысушылардың ой-пікірлерін білдік. Светлана мен Наталья Эстония мемлекетіндегі «Тіл ортасына енгізіп оқыту» бағдарламасының 16 жылдық тарихымен таныстырып, мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызығушылығын оятты. Бүгінгі күні Эстонияда оқушылардың көбі эстон тілінде білім алады, 2012 жылғы халықаралық оқу жетістіктерін бағалау PISA сынағынан ТМД мемлекеттерінің арасынан 1-орында тұр. Қатысушылар «Тілдік ортаға енгізіп оқыту» бағдарламасының осындай нәтижеге өз септігін тигізетінін байқады. Салыстырмалы ақпаратты ала отырып, мамандар топтық жұмыста пікір алмасты, мазалаған сұрақтарын қойып, Қазақстандағы білім беру мәселелеріне де тоқталды. Қала мектептері мен балабақшалары стандарттық бағдарламалар, шектелген сағаттар мен дәстүрлі әдіс-тәсілдермен жұмыс жасағандықтан, алғашқы күнгі семинарда бірнеше әріптес жаңашылдықтың бастамасына сенімсіздікпен қарады.






Осы сенімсіздікті сейілту үшін келесі күні қонақтар «тілдік ортаға енгізіп оқыту» сыныптары мен топтарының сабақтарына қатысқаннан кейін, өз пікірлерінің қате болғанына көз жеткізді. Орыс тілді балалардың қазақ тілінде сөйлеп, академиялық сөздіктегі сөздерді орынды пайдалана алатынына таң қалды. Сонымен қатар, оқытушылардың шеберлігін, жоғары деңгейдегі шығармашылығын, әдістемелерінің бүгінгі заман талабына сай болуына жоғары баға берді.










Сабақтарға қатысып болған соң, екінші күнгі семинарда қатысушылар Назарбаев Зияткерлік мектеп балабақшасының тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдерімен біріге жұмыс жасап, өткізілген сабақтарды талдау арқылы тілге енгізу бағдарламасының тиімділігін анықтады және белсенді тәсілдердің шағын әдістемесімен танысты.






Семинардың аяғында кері байланыс өткізіліп, қатысқан мамандарға халықаралық семинар куәлігі тапсырылды.








Ерекше әдістеменің бастамасы барлықтарының көңілінен шығып, аталған тәжірибені келешекте кеңінен таныстырып, басқа балабақшалар мен оқу орындарына енгізуге ұсыныстар білдірілді.

Ынтымақтастық және тәжірибе