Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Тілдік ортаға енгізу бағдарламасы

Бастауыш мектептегі тілге ену туралы


Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет болып табылады және білім беру үшін үштілді саясат жаңа талаптарды қойып, оқытудағы тәсілдердің өзгеруін қалайды. Білім беру саласындағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні Талдықорған мен Көкшетау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне Тілге ену бағдарламасы енгізіліп отыр. Қазақ тілін үйрену арқылы оқудағы тәсіл мен әдістің өзі Бағдарламаның ерекшелігі болып табылады. 2013 жылдың қыркүйек айынан басталған бастауыш мектептегі қазақ тіліне тілдік ену әдісін енгізу бойынша эксперимент екі жыл бойы жүзеге асырылып, жалғасуда. Биылғы оқу жылында Сарыева А.Т., Құрмансейтова Р.М., Сабитова С.С. жетекшілік ететін 3 сынып, яғни, 1В, 2В және 3В сыныптары бұл экспериментке қатысуда. Өткен кезеңде бастауыш мектеп бойынша директордың орынбасары, тілдер бойынша мектеп үйлестірушісі, психологтар, білім беру бағдарламалары Орталығының қызметкерлері оқушылардың тілдік құзыреттілік динамикасының дамуын бақылау үшін мониторинг жүргізді. 2014 жылдың қыркүйек айында жинақталған тәжірибені көрсету мақсатында, Эстониядан келген қонақтар (делегация құрамы 15 адамнан тұрды) пәндер бойынша мына сабақтарға қатысты: математика, қазақ тілі, дене шынықтыру мен бейнелеу өнері. Оқушылардың тілдік білімінің қалыптасуы жайында қонақтардан алынған кері байланыста оң үрдіс белгіленген.
Сонымен қатар, қазан айында Астана қаласында өткен халықаралық конференцияда С.С. Сабитова «Тілдік ортаға енгізу әдісін жүзеге асырудың алғашқы қадамдары» атты баяндамасы және берілген тақырып бойынша шағын мәтінді айтып беріп, оқушылардың қарапайым сөйлемдерді құра алуы, сөздік қорын қалыптастырудағы тілге ену әдісінің жүзеге асуына әсер етуді көрсететін бейне-фрагменттер арқылы қатысушыларды хабардар етті.
Тілге ену бағдарламасымен жұмыс жасайтын мұғалімдер Т.Е. Бегунгутов пен Р.М. Құрмансеитова тілге ену әдісінің негізінде кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша «Информатика» мен «Қазақ тілі» пәндерінің кіріктірілген тәжірибесін көрсетті. Сонымен қатар, форумда Р.М. Құрмансеитова Талдықорған қаласының бастауыш мектептерінде аталған әдісті жүзеге асыру туралы баяндамасын оқыды.
Қараша айында Эстониядан келген тілге ену үйлестірушілерінің көмегімен семинар-мониторинг өткізілді. Аталған семинар барысында қала мұғалімдері үшін (3 мектептен 15 адам) 1-2 сыныптардың сабақтары көрсетіліп, тілге ену әдісі мен принциптері таныстырылды. Бір апта бойы оқыту әдісі, «мұғалім мен оқушы», «оқушы мен оқушы» арасындағы байланыс, мұғалімнің «таңғы шеңберді» қалай ұйымдастыратыны, білім алуда ортаның қалай көмектесетіні бақылауға алынды. Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын, аталған сынып балаларының өз жастарына сай тақырыптар бойынша, еркін сөйлеуін семинарға қатысушылар мен үйлестірушілер ерекше атап өтті.
2015 жылдың 17-18 наурыз айында «Тілдік ортаға ену әдісі: тәжірибе мен инновация» тақырыбында басқа да білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты орнату және тәжірибені таратуды жоспарлау мақсатында семинар өткізілді. Семинарға «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ БББО мамандары, Көкшетау мен Астана қалалары балабақшасының меңгерушілері мен әдіскерлері, Алматы облыстық білім беру бөлімінің облыстық және қалалық әдіскерлері, Талдықорған қаласындағы №11, №7 балабақшалар мен №11, №5 №4 орта мектептің бастауыш мектеп әдіскерлері, Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ бастауыш мектеп мұғалімдері, Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ балабақшасының тәрбиешілері мен бастауыш мектеп мұғалімдері шақырылды. Тілге ену әдісінің барлық ерекшеліктері балалармен жұмыс кезінде де, шебер-сыныптар барысында семинарға қатысушылармен жұмыс кезінде де бақыланды. Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ шақырылған тілге ену сыныбының мұғалімдері Сабдина Айнұр Амантаевна мен Магавина Гульбану «Тілге ену сыныптары сабақтарындағы жүйелі-әрекеттік тәсіл» тақырыбында шебер-сынып өткізді.



А.А. Сабдинаның шебер-сыныбы

Жұмыстың белсенді түрлері арқылы шебер-сынып мазмұны, қатысушыларға пәндерді кіріктіру арқылы болатын оқу үрдісінің тұтас, жүйелі түсінігінің қаншалықты маңызды екенін түсінуіне мүмкіндік берді. Р.М.Құрмансеитованың «Математика» пәні бойынша және Т.Е.Бегунгутовтың «Информатика» пәні бойынша өткізген сабақтары қонақтардың жоғары бағасын алды.


1В сыныбындағы топтық жұмыс Сағат моделін пайдалану


Жұп болып бірігуі. Жұптық жұмыс




«Орыс тілі мен әдебиеті» сабағының фрагменті

Оқу жоспарына сәйкес екінші жартыжылдықта топқа бөлінбей, барлық сыныппен жүргізілетін «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні енгізілген. Тілге ену сыныбындағы аталған тілді меңгеру тәсілі мен әдісі көрсетілді.
Көптеген семинар қонақтары С.С.Сабитованың сабағын ерекше атап өтті. Қонақтар 2-сынып оқушыларының қазақ тілін меңгеру деңгейі, топта жұмыс жасай алуы, тапсырманы орындаудағы ұсыныстар мен нұсқаулықты түсінуі жайында түсініктеме беріп кетті. Оқытудың табысты шарттарының бірі ретінде, сыныптағы «сөйлейтін қабырғаның» ұйымдастырылуына да назар аударды.



С.С.Сабитова сабағының фрагменті

Психолог Д.Ж. Құсаинованың жүргізген зерттеуі, тілге ену сыныбындағы балалар дамуының жақсарғандығын растайды.
Ата-аналармен жұмыс жылдар бойы жүзеге асуда. Тілдерді үйлестіруші, мектеп психологтарының қатысуымен ата-аналармен кездесулер өткізіліп тұрады. Тілге ену сыныбы оқушыларының ата-аналарына қазақ тілін үйрену мен үй тапсырмасын орындауда өз балаларына көмек көрсете алу мақсатында тілге ену клубының жұмысына қатысу ұсынылды. Биылғы жылы біздің клубымыз өз жұмысын жалғастырады және әр жұма сайын сағат 17.00 барлық тілек білдірушілерді тосамыз.

Бастауыш мектеп бойынша
директордың орынбасары
Кулик Н.В.


Тілдік ортаға енгізу бағдарламасы
     
 
 
   
   
 
барлық бөліктер   3   бөліктер х бетте көрсетеді