Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Сыныптар беті

Сыныптардың беттер


6 «А» Сынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Казакпаева Б.З.


6 «А» сыныбында 17 оқушы оқиды, олардың әрқайсысы бастамашылдықтарымен, белсенді өмірлік ұстанымдарымен және өз пікірлерін жеткізе білу қабілеттерімен ерекшеленеді. Балалардың өзара қарым-қатынастары жақсы, әрдайым бір-біріне көмектесуге дайын тұрады. Оқушылар мектептің қоғамдық өміріне белсене араласады, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады, бұл өз кезегінде олардың бойында көшбасшылық қабілеттердің дамуына ықпал етеді. Джиу-джитсу бойынша Қазақстанның екі мәрте чемпиондары Нұрбай Ернұр мен Мурзов Даниель - сыныбымыздың мақтаныштары.


6 «В» сыныбы


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Казакпаева Б.З.


6 «В» сыныбының оқушылары ұйымшылдықтарымен, жауапкершіліктерімен және белсенділіктерімен ерекшеленеді. Сыныпта 16 оқушы білім алуда. Оқушылардың білімге деген құштарлықтары жоғары деңгейде, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға да белсене қатысады. Олар ашық, белсенді және жайдары. Бірге жұмыс істегенді де, демалғанды да ұнатады. Еңбек ету, жолдастарына көмектесу, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан.




6 «C» сыныбы


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Карабейникова М.В.


Сыныпта 19 оқушы бар. 6с сынып оқушыларының танымдық әлеуеті зор және өзіндік білім көтеру белсенділіктері де жоғары. Сынып ұжымы қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Ұсынылған кез келген іске қызығушылықпен кіріседі. Сынып ұжымында өзара түсіністік, іскерлік ынтымақтастық байқалады , өздері және ұжым үшін жауапкершілікті сезінеді.
Көптеген балалар қосымша білім беру жүйесінде тіркелген, яғни би, ән және спорт үйірмелеріне қатысады. Мектепте жүргізілетін барлық іс-шараларда ерекше ынтамен атсалысады. Би студиясына қызығушылықпен барады. Сыныптың әлеуметтік маңызы бар шараларына да қызығушылық танытады.
Бүгінгі таңда ұйымшыл ұжым ретінде қалыптасқан. Балалар ақкөңіл, жұмыс жасауға қабілетті, қасындағыларға көңіл бөле отырып, үлкендерге де, құрбыларына да құрметпен қарайды.


7 «А» Сынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Нурбекова Жазира Жармуханбетовна


Біздің сыныбымызда оқушылар ұйымшыл, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Еңбек ету үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында даму үстінде.


7 «В» сыныбы


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Нурбекова Жазира Жармуханбетовна


7 В сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі.




7 «C» сыныбы


Педагог-ұйымдастырушы–куратор
Волченко Е.В.


7С сыныбында 23 оқушы оқыйды. Бұл тамаша, тату және шығармашыл сынып. Оқушылар білім саласынан басқа, әлеуметтік жобалар саласы бойынша да табысты. Сыныптағы әр бала әртүрлі үйірмелерге, оқу клубтарына, сонымен қатар, әлеуметтік қозғалыстарға қатысады. Белсенді азаматтық ұстанымды ұстана отырып, оқушылар Отанға деген сүйіспеншілікті, басқа адамдар мен олардың ойларына қатысты толеранттылықты, ашықтықты, адамгершілік пен достықты көтсетеді. Қиын сәтте уақытында бір-біріне көмекке келу мен қиындықтарды жеңе білу осы оқушылар коллективінің ерекше қасиеті болып табылады. 7 С оқушыларының пікірі бойынша ең маңызды және қажетті дағдылар қарым-қатынас дағдылары мен ынтымақтастықта болу болып табылады. Сабақ барысында оқушылар оқу әрекетіне қызығушылық танытып, әрдайым дайын болып, белсенділік танытады, өз ойын дәлелдеп айтып бере алады.







Балалар үйі мен интернат балаларына арналған қайырымдылық акциясына белсенді қатысушылар 7С оқушылары.





Белсенділік пен қызығушылық танытатын 7С оқушылары мектеп қабырғасында зерікпейді




7 «D» сыныбы


Педагог-ұйымдастырушы–куратор
Волченко Е.В.


7 «D» сыныбында 22 оқушы оқыйды.
Сыныптағы әр оқушы оқуда, спортта, сонымен қатар, волонтерлікте табысқа жетті. Оқушылар пайдасын тигізуге, басқаларға көмектесуге, мектеп өміріне белсенді араласуға тырысады. Назарбаев Зияткерлік мектептегі оқу барысында оқушылар өздерін жауапкершілігі мол, талапкер әрі шығармашыл ұжым ретінде танытты. Оқу әрекетінен тыс оқушылар кітап оқу, қайырымдылық жасау, Шаңырақ және сынып деңгейіндегі мерекелерді ұйымдастырумен шұғылданады. Әркім өзін табысқа жеткізетін іспен айналысады. Ауызбірлік, достық, ашықтық пен ынтаның арқасында сынып оқушылары барлық қиындықтарды жеңіл жеңіп шығады.

















8 «А» Сынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Султанова Н.А.


8А сыныбында 24 оқушы оқиды. Сыныпта домбырашы, суретші, биші сияқты өнерлі балалар бар.
Ұрпағымыз 21 ғасырдың,
Табысқа барлық жерде қол жеткізген.
Жеңіске жетіп, үздік атанып,
Ұмытпаймыз ұстаздарды көмек берген - сыныптың ұраны. Барлық жерде көшбасшы болу - олардың арманы. Ол арманға жету үшін олар оқиды, еңбектенеді, ойлап шығарады. Сынып старостасы- Бейсенбекова Алуа, ол оқу озаты. Сыныптастары арасында беделді. Одан басқа, Мусин Диас «Дебаттық клубтарға қатысушылардың» курстарына қатысып, сертификатқа ие болды.










8 «В» сыныбы


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Султанова Н.А.


8 В сыныбы нағыз өнерлілер мен дарындылардың ордасы. Сынып оқушылары қайтпас қайсар, тек алға қарай жүреді. Олардың ұстанатын ұраны- «Бір адым артқа емес, бір орында емес, тек қана алға және тек қана бірге!». 8 В сыныбы өз мектебін өте жақсы көреді, олар тату әрі бір-біріне қамқор.










8 «C» Сынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Чепелева С.В.


8 С сыныбының оқушылары -жалындап тұрған жас дарындылар. Креативті, жауапкершілігі мол және көңілді балалар.
Оқушылар мектепішілік,қалалық, облыстық олимпиадаларда бірнеше рет жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні сынып оқушыларының арасында өзінің дәстүрі бар ұйымдасқан ұжым.







8 «D» сыныбы


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Чепелева С.В.


Менің оқушыларым - еңбекқор, тапқыр балалар. Мектептің бағдарламасын меңгеруден жалықпайтын, қоғамдық жұмыстарда, әлеуметтік жобаларда белсенді қатысуға тырысатын мейірімді балалар.













9 «А» Сынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Дауталинова Ләззат Қанатбекқызы


Қоғамға қызмет ету, үлкенге құрмет көрсету, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық жасау дағдылары - 9А-сыныптағы әр балаға тән қасиет. Біз дәстүрлі мерекелік жиындарға, байқауларға, жарыстарға қатысып, мектептің қоғамдық жұмысынан тыс қалмаймыз. Мектебіміздегі түрлі үйірме, секция жұмыстары - біздің танымдық қабілеттерімізді ұштайтын рухани демалыс.










9 «В» сыныбы


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Дауталинова Ләззат Қанатбекқызы


Біздің сынып - өте ұйымшыл, еңбекқор, белсенді. Сыныбымызда мың бұралған бишілер, күміс көмей әншілер, он саусағынан өнер тамған шеберлер бар. Сыныбымыз бір отбасының балаларындай тату, бір-біріне қамқор.













9 C сыныбы


Хван Татьяна Владимировна
Педагог-ұйымдастырушы-куратор



Біз мектебімізді жақсы көреміз. Мектеп қабырғасында біз көп нәрсені: жаңа ғылымдарды меңгеру, қажетті дағдыларды қалыптастыру, қарым-қатынас құруды үйрендік. Бізге спорттық ойындар, шығармашылық байқаулар, жорықтар мен экскурсиялар ұнайды. Біздің тұлға болып дамуымыза және өз білімімізді жетілдіру жолында сүйікті ұстаздарымыз аянбай еңбек етуде. Болашақта әрқайсысымыз еліміздің дамуына өз үлесімізді қосатынымызға сенеміз. Біз бірге жаңа шыңдарды бағындыруға ұмтыламыз, бәріміз бірге – бір үлкен жанұямыз!

Біздің ұранымыз:
«Оқуда, спортта және еңбекте -
қай жерде де, қашан да жарқырайды!»















9 D сыныбы


Хван Татьяна Владимировна
Педагог-ұйымдастырушы-куратор



Біз Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы атағын қуанышпен және мақтанышпен алып жүрміз. Бәріміз де бұл мектепке ең үздік болу үшін келгенбіз. Бізге білім алу, спортпен және шығармашылықпен айналысу, әр түрлі іс-шараларға қатысу, өз тәлімгерлерімізбен достық қарым-қатынаста болу, әңгімелесу ұнайды. Біз барлық білімді меңгеріп, жаңа дағдыларды қалыптастыра отырып нағыз команда болуға ұмтыламыз.
Біздің сыныптың көптеген оқушылары пән олимпиадаларына, жоба жұмыстары байқауына қатысты, волейбол, шахмат және футболдан өткен спартакиадада мектеп командасының құрамында мектеп намысын қорғады. Біз өз мектебіміз бен мемлекетімізге пайдалы болғымыз келеді!

Біздің ұранымыз:
«Бірге әрқайсымыз үлкен жетістікке жетеміз!»

















10 «A» cынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Базилбекова Ш.Б.



10 А сыныбында сапалы білім, саналы тәрбиемен қаруланып жатқан 21 оқушы бар. Сыныпта алдарына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жете білетін оқушылар оқиды. Сыныбымыздың шәкірттері оқуда жақсы нәтижелерге жетіп қана қоймай, әлеуметтік жобалардың үйлестірушілері. Сонымен қатар, сынып оқушылары волейбол, футбол, шахмат, би, хор, тоғыз құмалақ үйірмелеріне қатысады. 10 А сыныбының оқушылары - болашақта ел тізгінін ұстайтын, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі беделін жоғарылататын, оның қарқынды дамуына өзіндік үлесін қосатын тұлғалар.







10 «B» cынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Базилбекова Ш.Б.



10 «В» сыныбында жалынды да жігерлі, іздемпаз да еңбекқор 22 оқушы білім алуда. Оқушыларымыз салауатты өмір салтын ұстанады. Оған қоса, барлығы өнерлі, алғыр, ақылды ұл-қыздар. Мектепішілік іс-шаралардың белсенді қатысушылары, әлеуметтік жобалардың үйлестірушілері. Сынып оқушыларының мінездері де, қылықтары да әр түрлі болғанымен, бір-бірінен көмектерін аямайды. 10 «В» сыныбының оқушылары сапалы білім алып, адал еңбектеніп, еліміздің көркею жолына жастық жалыны мен күш-жігерін арнап, ел ертеңіне өз үлесін қосатын тұлғалар.





10 «C» cынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Ермилина Н.В.




10 С сынып оқушылары төрт жыл ішінде бір сыныпта оқып, ұйымшыл және бір–бірін сыйлайтын сыныптардың бірі болды. Сынып оқушылары әртүрлі болғандығына қарамастан, қызығушылықтары бірдей. Әсіресе би, өлең айту, топсеруендерді ұнатады. Мектепте тек қана білім алумен қатар, дене тәрбиесіне бағытталған спорт түрлерімен айналысады. Мектеп аясында қазақ, ағылшын тілдерін дамыту оқушылардың үлкен жетістіктерге жетуіне ықпал етеді













10 «D» cынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Ермилина Н.В.




Біз, 10 D сынып оқушылары, үш жылдың ішінде ұйымшыл, достығы нығайған сыныптар қатарындамыз. Мектебімізде ұйымдастырылған сабақтан тыс ән, би, хореография, футбол, волейбол сияқты секцияларға қатысамыз. Сонымен қатар, туризммен де айналысамыз. Мектептің іс-шараларына белсене қатыса отырып, әрқашан жеңіске жетуді көздейміз. Сынып ішінде бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Мектепте өткізген әрбір күн біз үшін қызықты, таусылмас білім мен ұмытылмас белсенді өткізілген ерекше оқиғалардың бірі болып саналады. Біздің мектеп біздің болашағымыздың дамуына үлес қосады!













12 «A» сынып


Педагог–ұйымдастырушы-куратор
Оразбаева Ж.Б.


Сынып оқушылары өте ұйымшыл, бір – біріне деген құрметтері өте жоғары, ауызбіршілікті, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері жоғары дәрежеде. Оқушылар оқу үрдісімен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 2014 -2015 оқу жылының қорытындысы бойынша біздің сынып «Ең үздік шаңырақ» номинациясын жеңіп алды.



12 «B» сынып


Педагог–ұйымдастырушы-куратор
Оразбаева Ж.Б.


Біздің сынып оқушылар мектепшілік, сынып аралық іс – шараларға толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныбымыздың ұлдары мен қыздары мектептің хор ұжымының, КВН командасының, футбол,баскетбол құрама командаларының белді мүшелері. 2014 – 2015 оқу жылының қорытындысы бойынша «Ең үздік сынып» номинациясын жеңіп алды.





12 «C» сынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Полынцева М.С.



Барлық пәндер бойынша 12С сынып оқушыларының үлгерімі жақсы, олар өте белсенді, эрудициялы, жан-жақты дамыған. Сынып оқушыларының басым көпшілігі жоба жұмыстарына қатысады.
Ким Дмитрий және Пак Георгий математика пәні бойынша олимпиадалық құрама командасында, Рудич Игорь мен Бахытжанов Таухан физика пәні бойынша олимпиадалық құрама командасында, ал Угай Янис информатика пәні бойынша олимпиадалық құрама командасында. Бұл оқушылар республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатысады.
12С сынып оқушылары сабақтан тыс түрлі үйірмелерге, спорт секцияларына барады, қыздар хорда ән салады. Жалпы мектептік іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие. Балалар бір-бірінің жетістіктеріне қуанып қана қоймай, қажет жағдайда өзара қолдау көрсетіп, кеңес береді.







12 «D» сынып


Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Полынцева М.С.



12D сыныбында 22 оқушы, оның 15 қыз. Сынып оқушылары өте тату, көңілді және креативті, олардың білімдері барлық пәндер бойынша жақсы. 12D сыныбы жоғары дәрежелі тәрбиелерімен ерекшеленеді, бұл сыныптың сабағына мұғалімдер ерекше ықыласпен барады.
Сабақтан соң оқушылар қызығышулықтарына қарай қосымша сабақтарға қатысады: қыздар хор ән салады немесе би үйірмесінде билейді, ұлдар спорт залына барады. Барлығы жетістікке жептесе де, сыныптың ең басты ерекшелігі – олар бірге. Күннің соңында шаршаса да, жақсы көңілмен ертең қайта кездесу үшін үйлеріне қайтады.
Спорттық жарыстар немес зияткерлік конкурстар, пән олимпиадалары мен концерттік қойылым болсын жалпы мектептік іс-шаралардың бірі де 12D сынып оқушыларынсыз өтпейді.