Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Кафедра мәлеметі

Кафедраның мәліметтері

Кураторлар кафедрасы






Кафедрада үлкен және кіші құрамды 12 куратор жұмыс жасайды:
1. Базильбекова Шынар Ботахановна – 10АВ сыныптары
2. Волченко Екатерина Владимировна – 7CD сыныптары
3. Дауталинова Ляззат Канатбековна – 9АВ сыныптары
4. Ермилина Наталья Владимировна – 10СD сыныптары
5. Казакпаева Бейбиткуль Зинадиловна – 6АВ сыныптары
6. Карабейникова Марина Владимировна – 6С сынып
7. Нурбекова Жазира Жармуханбетовна – 7АВ сыныптары
8. Оразбаева Жанар Болатовна – 12АВ сыныптары
9. Полынцева Мария Сергеевна – 12СD сыныптары
10. Султанова Назира Айхановна – 8АВ сыныптары
11. Хван Татьяна Владимировна – 9СD сыныптары
12. Чепелева Светлана Владимировна – 8CD сыныптары
Куратор – оқушылардың ең жақын тәлімгері. Куратор тәрбие жүйесін ұйымдастырады және бағыттайды, сонымен қатар тәрбие жұмысының ұйымдастырылуына, қоғамның, ата-аналардың, ұстаздардың тәрбиелік жұмысындағы еңбектерін біріктіреді.
Бала тәрбиесі әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы кезіндегі баланың өзінің белсенділігі негізінде жүзеге асады. Оқушыларға сынып және мектеп ұжымында, әлеуметтік ортада өз орнын табуға жағдай жасауда куратордың алатын орны ерекше.
Әр куратордың жұмыс жүйесінде келесідей қызмет түрі айқындалған:
• Отбасын және отбасы жағдайын зерделеу;
• Оқушылармен жеке жұмыс жасау;
• Сынып ұжымымен топпен жұмыс жасау;
• Оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын ата-аналарды ақпараттандыру, сонымен қатар электрондық ақпараттандыру;
• Ата-аналар комитетімен жұмыс;
• Ата-аналарды мектеп өміріне тарту;
• Оқушылармен ата-аналардың біріккен жұмысын ұйымдастыру.


Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бірлестігі
 


«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар...», осы айтылған қанатты сөз Назарбаев зияткерлік мектебінің ағылшын тілдері мұғалімдеріне тән сипат.
Кафедра мұғалімдері тілді оқытудың теориясы мен практикасын жетік білетін кәсіби мамандар. Олар оқушылардың теориялық білімдерін практикада дұрыс, тиімді қолдануға үйретеді. Кафедраның негізгі мақсаты оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту үшін коммуникативтік тапсырмалар арқылы олардың білімдерін тереңдетіп, тілдік қорын кеңейту. Мұғалімдер сабақтарын түсінікті беруге тырысады. Олар материалдарды әр түрлі әдіс-тәсілдермен дайындайды.
Біздің мұғалімдеріміз қиындықтарға мойымай, мәселелердің шешімін оңай табады. НЗМ мұғалімдері білім сапасын әрқашан жақсартуға тырысады: олар тілді үйрету үрдісінде барлық технологияларды пайдаланады және келелі мәселелерді оқыту арқылы оқушылардың білімдерін толықтырып, жаңартып отырады.


Математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі




Математика пәні әдістемелік бірлестігінде 15 мұғалім қызмет атқарады: Корягина В.Н., Лян Р.Б., Даутова З.Н., Артыкбаев Б.Б., Полянских С.С., Елисеева Т.В, Ли А.В, Есжанова С.Г., Сулейманова А.Л., Ескендирова Е.В., Бекиш Ж.С., Алтынжанов К.М., Шакен М.М., Жылкыбаев Б.Т., Жунусова А.Т. және үш ассистент: Нуралиев Д.Н., Майшанова А.У., Романенко А.М.
Сонымен қатар, біздің әдістемелік бірлестігімізде шетел мамандары да жұмыс жасайды: Broadman Noel Charles Nicholas, Labban Radwan Abdul Hafiz, Lonc Zbigniew Anthony, Josephat Monda Onchwati, Chin Davian Ricardo, Soo April Chi Kuen. Олардың біздің мектебімізге келудегі мақсаты: математика сабағында өзара тәжірибе алмасып, тіл дамыту. Әдістемелік бірлестік мұғалімдері іс-тәжірибе тарату мақсатында онлайн сабақтар, сонымен қатар кіріктірілген бағалау бойынша онлайн семинарлар өткізеді, республика, облыс көлеміндегі семинарларға қатысады, педагогикалық шеберлік орталығының тыңдаушылары үшін шеберлік сабақтарын өткізеді. Электронды оқулықтар мен нұсқаулықтар құрастырады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын оятып, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін мұғалімдер тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырады: математика пәнінен онкүндіктер, ашық сабақтар, тақырыптық сынып сағаттары т.б. НЗМ математика кафедрасының оқушылары олимпиада, КҒА, «Дарын», «Бәйшешек», «Зерде» ғылыми жобаларының жеңімпаздары, Бірлестік мұғалімдері Даутова З.Н., Сулейманова А.Л., Ли А.В., Артыкбаев Б.Б., Ескендирова Е.В. CITO жобасына қатысады. Олар тесттік тапсырмаларды құрастырады. GeoGebra бағдарламасын және математикалық құрастырғыштарды оқу үрдісінде жиі пайдаланады. Дарынды балалар үшін жазғы мектеп, виртуалды мектеп жұмыс жасайды. Мұнда кафедра мұғалімдері сабақ береді, тапсырмалар орындатады және портол арқылы Алматы облысының барлық аймақтарынан келген жұмыстарды тексереді, сонымен қатар 7, 11 сыныптарға кіріктірілген бағдарламаны енгізуге белсенді араласады.


Дене тәрбиесі және денсаулық пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
 




Дене тәрбиесі кафедрасында 7 мұғалім қызмет атқарады: 1 бастауыш сыныптарға әскери дайындық оқытушы, 2 жүзу бойынша нұсқаушы.
1. Усимбаев Рауан Биржанович – ӘБ жетекшісі
2. Омаров Талгат Давлетжанович
3. Айхимбеков Марат Серикович
4. Тубекбаев Канат Нурмуханбетович
5. Тубекбаев Сакен Еретаевич
6. Шалашов Игорь Никалаевич
7. Ахметов Бакытжан Сейтханович
8. Исабеков Болат Айнабекович.
9. Бельгибаев Бауыржан Жандосович
Стратегиялық мақсаты - адамның дене мүшелерін шынықтырып, жоғары әлеуметтік белсендігін қалыптастыру, олардың еңбекке қабілеттілігін арттырып, шығармашылыққа баулу және зияткерлік деңгейі жоғары, эстетикалық және физикалық тұрғыда дамыған, дені сау ұрпақ қалыптастыру.
Міндеті – спортта жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін оқушыларға қажетті дағды мен біліктілікті үйрету. Оқушы денсаулығын шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету. Сонымен қатар батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке үйрету және мәдени мінез-құлық дағдысын баулу.

Химия және биология пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі



Назарбаев Зияткерлік мектебі - білім мен тәрбиенің киелі ордасы. Мұнда Қазақстан Республикасының болашақ зияткерлік ұрпағы өсіп келеді. Мектепте ұрпаққа сапалы білім мен қатар саналы тәрбиені, рухани құндылықтарды шәкірт бойына дарытатын мұғалімдер жұмыс жасайды. Химия және биология пәні мұғалімдерінің ӘБ оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың пәндік құзіреттіліктерін дамытуға баса назар аударады.
ӘБ мақсаты – пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру арқылы химия және биология пәнін оқытуда жаңа тәсілдерді енгізу.
2015-2016 оқу жылында қойылған міндеттер:
- зерттеу, командалық оқыту, мониторинг, коучинг арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейлерін көтеру;
- биология және химия пәндеріне Кіріктірілген білім беру бағдарламасының жүйелі кешенін жасау;
- 9 сыныптарында КБКМ апробациялау; 7,8,11,12 сыныптарына КБКМ енгізу;
- балалардың денсаулықтарын сақтау, ата-аналар, педагогтар мен тәрбиеленушілердің денсаулықтарын қадағалап жүрулеріне шақыру;
- мектепшілік қауымдастықта академиялық адалдықтың сақталуы;
- Отанды, тарих пен мәдениетті, салт-дәстүр мен табиғатты сүю және отбасы, қоғам, ел алдындағы азаматтық жауапкершілікті ұмытпау.
Химия және биология пәні ӘБ құрамы:
1. Кунанбаева Асия Сембаевна – ӘБ жетекшісі, химия пәні мұғалімі
2. Уйсинбекова Сауле Сакеновна – химия пәні мұғалім-эксперт
3. Есенова Роза Молдагалиевна – химия пәнінің мұғалімі
4. Кудайбергенова Карлыгаш Амантаевна – химия пәнінің мұғалімі
5. Нургазынов Колганат Ержанович – химия пәні мұғалім-стажер
6. Рысбаева Акмарал Кошербаевна – химия пәні мұғалімінің ассистенті
7. Усенов Улан Усенович - химия пәні мұғалімінің ассистенті
8. Искакова Бахыт Ауесбековна – химия пәнінің лаборанты
9. Кан Светлана Александровна – биология пәні мұғалім-эксперт
10. Абдрахманова Рахила Абдуманановна –биология пәнінің мұғалімі
11. Кунанбаева Советжамал Жакулиновна – биология пәні мұғалім-модератор
12. Гонохова Людмила Генадьевна - биология пәні мұғалім-модератор
13. Жылкайдарова Назгуль Тулегеновна –биология пәнінің мұғалімі
14. Жапсарбаева Камшат Жанатовна – биология пәнінің мұғалімі
15. Ан Елена Валерьевна – биология пәні мұғалімінің ассистенті
16. Кереева Айгерим Равильевна - биология пәні мұғалімінің ассистенті
17. Измайлова Айгерим Турсуновна –биология пәнінің лаборанты
ӘБ мұғалімдерінің қатарында мұғалім-эксперт Кан Светлана Александровнаның орны бөлек. Ол биология пәніннің мұғалімі, жас мұғалімдердің тәлімгері. Химия пәнінің мұғалімі Уйсинбекова Сактаган Сундетбайқызы НЗМ ашылғанан бері жұмыс жасайды, ол оқушыларды әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындайды және танымдық белсенділіктерін арттырады. Гонохова Людмила Геннадьевна-биология пәнінің мұғалімі, ағылшын тілін меңгерген, сонымен қатар түлектерді қорытынды аттестацияға табыста дайындап келеді. Кунанбаева Советжамал Жакулиновна – тәжірибелі, білікті маман. Химия пәні мұғалімдері Кудайбергенова Карлыгаш Амантаена мен Кунанбаева Асия Сембаевна НЗМ жаңадан келгендеріне қарамастан ұжымға тез араласып кетті. Олар химия бойынша Кіріктірілген білім беру бағдарламасына енгізу және апробациядан өткізумен қатар практикалық бөлімінің орындалуына да жауапты. Ұжымымызға жаңа леп, жас мамандар қосылды: химия пәнінің мұғалімі Нұрғазынов Қолғанат Ержанұлы, биология пәнінің мұғалімі Жапсарбаева Камшат Жанатқызы, мұғалімнің ассистенттері Рысбаева Ақмарал Көшербайқызы, Усенов Улан Усенович, Ан Елена Валерьевна, Кереева Айгерим Равильевна.
Химия және биология пәндерін оқытуда лаборанттардың орны ерекше. Осы ретте Искакова Бахытхан Ауесбекқызы мен Измайлова Айгерим Турсунқызы өз жұмыстарын тиянақты орындауда.
Химия және биология пәндері мұғалімдерінің ӘБ – үнемі ізденісте болатын, жұмысқа қабілетті, шығармашыл, кәсіби біліктілігі жоғары, ұйымшыл ұжым.

Информатика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі






ӘБ жетекшісі: Искакова Айжан Тоқтарбайқызы
Кафедра құрамы:
1 Бегунгутов Тасқын Ермұханбетұлы, білімі жоғары, 10 жыл мұғалім;
2 Қажығалиева Бибігүл, білімі жоғары, 4 жыл мұғалім-стажер;
3 Еркінова Әсем Есеевна, информатика магистрі, 3 жыл мұғалім;
4 Искакова Айжан Тоқтарбайқызы, білімі жоғары, 18 жыл мұғалім-модератор;
5 Ким Наталья Владимировна, білімі жоғары, 20 жыл мұғалім-эксперт;
6 Омарова Жанна Нұрахметқызы, білімі жоғары, 21 жыл мұғалім-эксперт;
7 Рамазанов Равиль Гинаятович, информатика магистрі, 2 жыл мұғалім-стажер;
8 Ким Елена Ованесовна, білімі жоғары, 24 жыл, мұғалім.
КБББ, КБ қолданылатын бағдарламалар мен әдістер:
Информатика мұғалімінің мақсаты бүгінгі ақпараттанған қоғамға бейімделуге жағдай жасау, тұлғаның қалыптасуына әсер ету.
Аталған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
– оқушылардың ақпараттық мәдениетінің элементтерін қалыптастыру;
– өз бетімен білім алу дағдысын қалыптастыру;
– Информатика мұғалімдері басқа пән мұғалімдерімен өзара кіріктіре оқыту;
– дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.
Оқытудың жалпы формасы фронтальды, ұжымдық, топтық, жұптық, жеке, сонымен қатар оқушылар өзара алмасады. Оқытудың зерттеушілік әдісі, эвристикалық әдіс, оқытудың күрделі әдісі, репродуктивті әдіс, түсіндірмелі-көрнекілік әдісі. Аталған әдістер информатика сабағында жиі қолданылады.
Бүгінгі таңда төменде көрсетілген әдістер арқылы оқытамыз.
Белсенді оқыту әдістері:
1) практикалық эксперимент;
2) жоба әдістері – оқу үрдісін ұйымдастырудың формасы, оқушыларды шығармашылыққа бағыттау және олардың зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, сонымен қатар жобалау әдісі – оқушы мен мұғалім бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады.
3) топтық пікір-талас– мұнда топ мүшелері көзқарастарының, ұстанымдары мен мақсаттарының мәнін ашуға (мүмкіндігінше өзгертуге) мүмкіндік беретін қайсібір даулы мәселе бірігіп талқыланады. (6-15 адам);
4) миға шабуыл – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір мәселе туралы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады.
5) іскерлік ойындар – шартты мәселелік жағдайда басқару шешімдерін іздеу тәсілі. Жиі топтық, ал сирек жеке нұсқада қолданылады;
6) рөлге бөліп ойнау – әдісі, рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;
7) баскет-әдісі – оқиға желісіне негізделген, мысалы, оқушыға компьютерлік техникалық мұражайдың саяхат жүргізушісі болуға жүктеледі, осы рөліне қатысты барлық материалдар беріледі;
8) тренингтер – тренинг топпен психологиялық жұмыс жүргізудің ыңғайлы, конструктивті, жылдам әрекет етуші формаларының бірі. Тренинг арнайы іскерлік және рөлдік ойындарды, шешімді топпен бірігіп табудың пікір-таластық әдістерін, сонымен қатар адамның бойындағы тұлғалықты қалыптастыруға бағытталған түрлі тәсілдерді қамтиды.
9) компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдаланамыз;
10) практикада болған оқиғаларды талдау– әдісі шешім қабылдауға, оқушылардың ақпаратты талдай білуге, негізгі себептерін анықтай білуге, мәселенің шешімін таба білуге, бағалауға, дұрыс шешімін тауып, іс-әрекет бағдарламасын қалыптастыра алуға жетелейді.

Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бірлестігі





Әдістемелік тақырыбы: «Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға, көшбасшылық құзыреттілігі қалыптасқан, адами қасиеті жоғары, зиялы тұлға тәрбиелеуге ықпал ете отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім берудің көп тілділік жүйесі және жаңашыл кіріктірілген модельдерді енгізу және әзірлеу арқылы қазақстандық дәстүрлер мен халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, білім беру кеңістігін қалыптастыру. Жұмыс мақсаты: Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ қоғамдық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік деңгейін көтеру, өзара байланысты болуына жағдай жасау. Экономика, өзін-өзі тану, тарих, және география пәндерін оқытқанда инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану.
ӘБ құрамы:
1. Сыдықова Шынар Рақымжанқызы – ӘБ жетекшісі, 7-8-9 сыныптарда дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалім-модераторы;
2. Рымжанова Айнұр Ержанқызы – Қазақстан тарихы, ЖӘҚ, МҚН мұғалімі;
3. Шиликбаева Арайлым Мұратқалиқызы – 8-12 сыныптарға Қазақстан тарихы және ЖӘҚ пәндерінің мұғалім-модераторы;
4. Досымбеков Айбек Орынбасарұлы – 6-12 сыныптарға Қазақстан тарихы, ЖӘҚ, Дүниежүзі тарихы пәні, мұғалім-стажер;
5. Сержантова Галина Андреевна – 11-12 сыныптарға экономика пәнінің мұғалімі;
6. Тленчиева Ильмира Сагатовна – 11-12 сыныптарға экономик пәнінің мұғалімі;
7. Құсмұлданова Орынгүл Белгібайқызы – 6-9 сыныптарға өзін-өзі тану мұғалімі;
8. Рахманова Нағима Бекетқызы – 7- 12 сыныптарға мұғалім-стажер.
9. Кенжебаев Арман Серікұлы – 7-12 сыныптарға география пәнінің мұғалімі.
10. Жетпісбаева Жансая Момышқызы
ӘБ мұғалімдері дәстүрлі және кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Күнделікті сабақтарында келесі әдістерді пайдаланады: CLIL, топпен, жұппен жұмыс жасайды, ресурстар бойынша ақпаратты түсіндіреді, тарихи оқиғалардың себептерін анықтайды, өзара салыстырады, пікір-талас жүргізеді, артық ақпаратты табады, SWOT, GAP, STEEPLE және т.б. сияқты талдау түрлерін пайдаланады.


Орыс тілі пәні мұғалімдерінің ӘБ








Орыс тілі пәні мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі Есбулатова Салтанат Берикбаевна. Әдістемелік бірлестікте 11мұғалім:
1. Есбулатова Салтанат Берикбаевна
2. Ким Галина Федоровна
3. Клокова Елена Валерьевна
4. Лих Ирина Владимировна
5. Маметаева Зульфия Ахметбековна
6. Мамлеева Салтанат Бекентаевна
7. Сабитова Айгуль Умирбаевна
8. Сеитова Карлыгаш Кусаиновна
9. Тыщенко Ирина Петровна
10. Хасеинова Сания Несипказиновна
11. Таникенова Гульнар Шугаевна
Орыс тілі мұғалімдері Кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Өз жұмыстарында 4 дағдыларды дамыту мақсатында белсенді әдіс-тәсілдерді қоланады, менторинг и коучинг-сессияларын жүргізеді. Мұғалімдер өз шеберліктерін облыстық, аудандық, шетелдік курстарға қатысып жетілдіреді.
Оңтүстік Кореяға шетелдік сынақ мерзімнен өткендер: Есбулатова С.Б., Сабитова А.У. в Финляндии, Ким Г.Ф., Мамлеева С.Б. в Швеции, Клокова Е.В. в Сингапуре, Лих И.В., Таникенова Г.Ш. в Англии, Маметаева З.А. в Южной Корее.
Сабитова А.У., Лих И.В., Ким Г.Ф., Клокова Е.В. мұғалімдері оқу бағдарламаның құрастырушылары. Тыщенко И.П. – ВСО құрастырушы; Есбулатова С.Б., Сабитова А.У. – ІІІ базалық деңгедің тренерлері, Таникенова Г.Ш. – ІІ базалық деңгейдің тренері; Хасеинова С.Н. – PISA бойынша тапсырмалардың құрастырушы. Орыс тілі мұғалімдерінің шеберлігі республика бойынша онлайн-семинарлар, онлайн – сабақтар, шеберлік –класс арқылы бөліседі. Пән бойынша әдістемелік өнімдерін білім парталына, педагогикалық журналдарына жіберіледі.


«Өнер» әдістемелік бірлестігі






ӘБ жетекшісі Ахметова Э. К.
Кафедра құрамы:
1. Уйсимбекова Гульнара Насыповна
2. Ибрагимов Еркен Асхатович
3. Есбатырова Ильмира Равильевна
4. Карипжанов Медет Саркытбекович
5. Намазбеков Тылеш Рымжанович
6. Ахметова Эльмира Касымхановна
7. Изосимов Василий Александрович
8. Муртазалиев Аслан Исаевич
9. Таванова Гульнара Бериковна
10. Жұмаділ Сағындық Айтмұхаметұлы
11. Джексембай Самат Жангазыевич
«Өнер» ӘБ мұғалімдері оқыту үрдісінде жүйелі-қызметтік тәсілді қолданады және оқыту мақсаттарының көп деңгейлі жүйесіне негізделген. Оқу бағдарламасы негізінде жүйелі-қызметтік тәсіл оқытудың жоспарланған қорытындысына жетуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар оқушылардың білім мен білік, дағдылар мен қызметтің түрлері мен тәсілдерін дербес тиімді меңгеруіне негіз болады. Мұғалімдер сабақтарында белсенді оқыту, командалық оқыту, кіріктірілген пәндік-тілдік оқыту (CLIL) сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістерді пайдаланады. Бағдарлама материалдарын дайындағанда практикалық бағыттылыққа және зерттеу дағдыларын дамытуға басты назар аударылады.
Стратегиялық мақсаты: оқушының өнер пәніне деген қызығушылығын ояту және оның ұлттық, тарихи ерекшеліктерін түсіну қабілеттірін қалыптастыру.
Міндеттері:
- мектепшілік қауымдастықта академиялық адалдықтың сақталуы;
- Отанды, тарих пен мәдениетті, салт-дәстүр мен табиғатты сүю және отбасы, қоғам, ел алдындағы азаматтық жауапкершілікті ұмытпау.
- бастауыш мектеп 1, 2, 3 сыныптарында және мектепке дейінгі мекемелерде тілдік ортаға ену бағдарламасы;
- 3,10 КБББ апробациялау; 1, 2, 7, 8, 9 сыныптарға КБББ енгізу;
- өнер пәнінің музыка және бейнелеу өнері бойынша Кіріктірілген білім беру бағдарламасы негізінде жүйелі-әдістемелік кешенге сапалы материал жүктеу және дайындау;
- (4, 5, 6 сыныптарға) КБКМ, КБ енгізу;
- ҚР мектептеріне бастауыш сыныптар бойынша НЗМ іс-тәжірибе тарату;
- Педагогикалық шеберлік деңгейлерін көтеру үшін мұғалімдердің және басқа педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамуы.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі






Әдістемелік бірлестігінде 8 мұғалім, 1 ассистент қызмет атқарады.
ӘБ жетекшісі: Баримбекова Айна Нұрсұлтанқызы. Бірлестік мұғалімдері ІЖБ, ҚБ тапсырмаларын дайындауға, мониторинг жұмыстарын жүргізуге, жаңа оқу бағдарламасын енгізуге қатысады, сонымен қатар мектептің барлық қоғамдық жұмыстарына етене араласады.
ӘБ мұғалімдері:
1. А.Н.Баримбекова - Әдістеме жетекшісі, СИТО тестік тапсырмаларын құрастырушы;
2. Г.О.Иманбаева - Педагогикалық кеңестің хатшысы, жиынтық бағалауды құрастырушы, КБКМ координаторы;
3. Г.Т.Жакупова - Әдістемелік кеңестің хатшысы, КБКМ координаторы;
4. С.О.Битаева – Мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене араласады;
5. Л.Қ.Кушерова - Бастауыш сынып бойынша КБББ координаторы;
6. Р.Ә.Хусаинова - ӘБ хатшысы, КБББ координаторы;
7. А.М.Бердібаева - Бастауыш сынып бойынша КБКМ координаторы;
8. Б.Т.Қалықбекова - КБББ координаторы;
9. Д.Б. Алекеева - Аударма жұмыстарын жүргізеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестіктің мақсаттары мен міндеттері:
1. Білім беру үрдісінде оқу мен жазуды сыни тұрғыда оқыту;
2.Әлемдік білім беру кеңістігінің озық тәжірибелерін меңгеру;
• Дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу;
• Оқушыларды парасатты, салауатты өмірге бейімдеу, шығармашылыққа баулу;
• Озық тәжірибелі мамандардың әдістемесін меңгеру;
• Бірлестік мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау;
• Кіріктірілген оқу бағдарламасын енгізу (10-сынып).


Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі






Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінде 12 мұғалім бар. Олардың ішінде квалификациялық біліктілік бойынша 1 мұғалімде- эксперт, 7 мұғалімде- модератор, 4 мұғалімде- мұғалім санаты бар. Барлық мұғалімдер 3 базалық деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтаған.
Әдістемелік бірлестік екі оқу бағдарламасымен: 1-3 сыныптар Кіріктірілген білім беру бағдарламасы, 4-5 сыныптар 2010 жылғы Эксперименттік бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Одан басқа бастауыш мектеп базасында қазақ тіліне енгізу бойынша оқыту эксперимент түрінде жүргізілуде.
Бастауыш сынып мұғалімдері ДББҰ Басқармасының көптеген жобаларына қатысады. Олар Назарбаев Зияткерлік мектептері мен жалпы білім беретін мектептерге арналған қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларының құрастырушылары. Мұғалімдердің көбі оқу әдістемелік кешеннің авторлары: олар Назарбаев Зияткерлік мектептері мен жалпы білім беретін мектептерге арналған математика пәні, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне арналған ғылымға кіріспе, қазақ тіліне енгізу сыныбына арналған қазақ тілі. Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі қазақ тілі, орыс тілі, математика, ғылымға кіріспе, дүниетану пәндері бойынша ішкі жиынтық бағалау, сондай-ақ бағалауға арналған нұсқаулық, жетістік критерийлері тағы басқа көптеген жобалар құрастыруға қатысады.
Әдістемелік бірлестік онлайн-сабақтар мен онлайн- семинарларды; мектеп базасында, сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталықтарында Назарбаев Зияткерлік мектептері мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған семинарлар мен шеберлік сыныптарын жүйелі түрде беріп келеді.
1 сыныпқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің балабақша түлектері қабылданатындықтан мұғалімдер балабақша тәрбиешілерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Оқушылардың жан-жақты білім алуға деген сұраныстарын қанағаттандыру бағытында мұғалімдер олардың Халықаралық онлайн- олимпиадаларға қатысуын, «Зерде» республикалық ғылыми- зерттеу жобасы, «Бастау» республикалық математика сайысы, ағылшын тілі білгірі халықаралық сайысы, «Global cities» жобаларына қатысуын ұйымдастырады.
Ағылшын тілін үйрену мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері ағылшын тілі курстарына барады. Сондай-ақ «Салауатты өмір салты» жобасына қатысты.
Мұғалімдер сабақ берумен қатар куратор болып табылады, олар ата- аналармен оқыту мен бала тәрбиесі жөнінде тығыз байланыс орнатады.
Осындай атқаратын ауыр жүкке қарамай, әдістемелік бірлестік өзінің ауызбірлігі, қиындықтан шығуға деген береке- бірлігі, достық қарым- қатынасымен ерекшеленеді. Ең бастысы олардың сенімділігі мен кәсіби қабілеттілігі.


Физика пәні мұғалімдері әдістеме бірлестігі






Проблема: Жаратылыстану пәндері сабақтарында әдістемелік құзіреттілікті дамыту
Мақсаты: Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізу.
Міндеттері:
1) 7, 8, 9, 11 және 12 сыныптарда кіріктірілген білім беру бағдарламасына және критериалды бағалаудың кіріктірілген моделіне бейімделу;
2) 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы оқыту сапасын көтеру, талдау және жинақтау қабілеттіліктерін қалыптастыру;
3) ӘБ мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін тарату
Өз қызметіндегі көшбасшы мұғалімдер
Скопцова Мария Авелириановна - Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Мұғалім –эксперт, 7 және 12 сыныптарда сабақ береді. 12 сыныпта командалық оқытушы
Сыдыкова Батес Кабидолдановна- Мұғалім – модератор, 8 және 10 сыныптарда сабақ береді, 10 сыныпта командалық оқытушы, бірлестік жетекшісі, педагогикалық білімдер қоры – модератор
Матюшенко Наталья Николаевна- Мұғалім – модератор, физика пәнінің мұғалімі, 9 сыныптарда сабақ береді. 7 сыныптарда кіріктірілген білім беру бағдарламасын құрастырушылардың бірі.
Балажигитова Нұртілеу Құрманәліқызы- Мұғалім – модератор,кіріктірілген оқу бағдарламасын түзетушілердің бірі, 9 және 12 сыныптарда сабақ береді. 9 және 12 сыныптарда командалық оқытушы.Физика пәні бойынша жетістік критерийі координаторы, педагогикалық білімдер қоры – модератор
Иманбаева Жазира Задашқызы - Мұғалім – модератор, 9 сынып қорытынды аттестаттау материалдарын құрастырушы, 7 және 12 сыныптарда сабақ береді, 12 сыныптарда командалық оқытушы.
Бухинская Лариса Витальевна - Мұғалім – модератор, педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы. 7, 8, 9 және 12 сыныптарда жұмыс жасайды, командалық оқытушы, КБББ пәндік координаторы, педагогикалық білімдер қоры – модератор
Бижанов Ерали Қыдырбайұлы - Мұғалім-мұғалім; 9 және 10 сыныптарға сабақ береді, командалық оқытушы
Скворцов Виктор Иванович - Мұғалім – мұғалім, 7, 8, 9, 10 сыныптарда сабақ береді, командалық оқытушы.
Султанова Инара Асқарқызы - Мұғалім – стажер, мектептегі іс-әрекетті зерттеу тобының мүшесі, 7 және 8 сыныптарда сабақ береді
Титова Кристина Владимировна - Мұғалім – мұғалім, 8 және 10 сыныптарда сабақ береді, 10 сыныптарда командалық оқытушы.
Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдері
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының стандарттарына сәйкес мұғалімдер өз сабақтарын жоспарлап, әр түрлі стратегияларды қолданады. Бірлестік мұғалімдері үнемі «Белсенді оқыту әдістері, зерттеу әдістері, сыни тұрғыдан ойлау, дифференциация және АКТ элементтерін» қолдана отырып, сабақтарын жоспарлайды. Бірлестік мұғалімдері негізінен өз сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін(team-teaching, жеке-бағдарланған және т.б.), сабақтың жекелеген, топтық, жұптық оқыту түрлерін қолданады.
Кіріктірілген оқу бағдарламасында пән аралық байланыс пен интеграция негізгі бағыттардың бірі болғандықтан пән мұғалімдері тілдік мақсаттарды жүзеге асыруда тіл мамандарымен тығыз байланыста болып, сабақта жүзеге асырып отырады.
Бірлестіктің 2015-2016 оқу жылына қойған міндеттері:
1. Бірлестік мүшелеріне өз қызметінде АКТ-ны, БОӘ-ін, білім беру бойынша интернет-ресурстарды кеңінен қолдануды жалғастыру
2. Пән бойынша оқу бағдарламасы және білім беру бағдарламасының мазмұны арқылы оқушы бойында құндылықтарды қалыптастыру
3. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді меңгеру бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
4. Тіл саясатын тарату үшін академиялық ағылшын тілін жетілдіру
5. ӘБ 2015-2016 оқу жылында кәсіби дамуына зерттеу жүргізу
6. ӘБ 2015-2016 оқу жылында Appraisel бағалау циклі бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу


Кафедра жаңалықтары

Кафедра жаңалықтары




«Кітап - білім бұлағы, білім өмір шырағы »
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында кураторлар әдістемелік бірлестігі мектеп кітапханасына құнды кітаптар тапсырды.

2015 жылдың 19-24 қаңтар аралығында қазақ тілі апталығы өтті


Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2015 жылдың 19-24 қаңтар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі мұғалімдері апталық өткізді.
Апталық барысында А.Н.Баримбекова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л.Т.Дүйсебаева 9-сынып оқушыларымен қаладағы М.Тынышбаев атындағы өлкетану мұражайына саяхатқа барды, ондағы мақсат оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрімен тереңірек таныстыру, шағын жоба жұмысын жасату болды.
Осы мерзім ішінде қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Р.Ә.Хусаинова 7-сыныпта «Күй аңыздары», С.О.Битаева 8-сыныпта «Экология», Г.Т.Жакупова 7-сыныпта «Қазақ сазгерлері мен әншілері», Г.О.Иманбаева «Компьютердің пайдасы мен зияны», Л.К.Кушерова «Далалы жерлерді игеру», Б.Т.Қалықбекова Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша ашық сабақтар өткізді. «Жүз ән» жобасын қазақ тілі сабақтарында жүзеге асыру бойынша А.Н.Баримбекова шеберлік сабағын жүргізіп, іс-тәжірибесімен әріптестерімен бөлісті.



Б.Т.Қалықбекованың Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша ашық сабағы




А.Н.Баримбекованың шеберлік сабағы



Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен «Қош келдің, көңілді көктем!» атты апталық


2-6 наурыз аралығында «Қош келдің, көңілді көктем!» тақырыбы аясында бастауыш сыныптар бірлестігінде тәрбиелік мазмұны кең апталық өтті. Ұстаздар бірлесіп ұйымдастырған «Көңілді көктем келді!» интеллектуалды ойын барысында оқушылар мектеп орталықтарында жұмыс жасап өздерінің зияткерлік мүмкіндіктерін байқатты. «Кітапхана» орталығында сөздіктер, ғаламтор мүмкіндіктерін пайдаланып, берілген сауалдардың жауабын өздігінен табуда үлкен қызығушылық таныта білді.



Оқушылар «Кітапхана» орталығында тапсырма орындауда


Оқушылар «Гүлзар», «Оқу» орталықтарында жұмыс орындай отырып өздерінің зейіндерін, есте сақтау қабілеттері мен шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды.
«Көңілді көктем» шеберханасында ұйымдастырылған жұмыс барысында оқушылар топтаса жұмыс жасай алатындарын көрсете отырып, нұсқаулыққа сүйеніп өздігінен өнім шығарды.



Оқушылар «Көктемнің алғашқы шөбін» өсіруде Оқушылар «Гүлзар» шеберханасында


Апталықтың барысында кітапханашылар мен ұстаздар бірлесіп 1-4 сынып оқушылар арасында «Көктем» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Сайысқа қатысушыларға 5-сынып оқушылары баға берді. Әділқазылар шынайлылық танытып, өздерінен кіші достарына әділ баға беріп үйренсе, оқушылар өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.



Кітапханада өткен мәнерлеп оқу сайысы


Оқушылар аналарға арналған мерекелік концертке белсене қатысты, өз өнерлерін көрсетіп аналарды қуанышқа бөледі.



«Көңілді жаңбыр» биі «Грузин халқының» биі


«Қош келдің, көңілді көктем!» атты апталықтың соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.


2014 жылдың 24 қарашасынан бастап 6 желтоқсан аралығында жаратылыстану пәндерінің онкүндігі өтті


Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014 жылдың 24 қарашасынан бастап 6 желтоқсан аралығында жаратылыстану пәндерінің онкүндігі өтті. Онкүндікте іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілді. Химия, биология әдістемелік бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар өткізумен қатар сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырды. Мұғалімдер өзара сабаққа қатысты, сабақ барысында олар жаңа технологияларды қолдана отырып жоғары әдістемелік дәрежеде сабақ берді.
Жаратылыстану пәндері апталығында биология пәні мұғалімі Р.А. Абдрахманова 8С сыныбында «Причины вызывающие нарушение осанки и плосткостопие», химия пәні мұғалімі Р.М.Есенова 7D сыныбында «Горение металлов и неметаллов в воздухе. Медленное окисление», биология пәні мұғалімі Л.Г. Гонохова 11-12 сыныптарға арналған «Решение генетических задач» жаттығу сабағын және 6В сыныбында «Путешествие в мир растений», биология пәні мұғалімі С.А.Кан 9D сыныбында «Здоровьесберегающие технологии при изучении нервной системы», биология пәні мұғалімі С.Ж. Кунанбаева 7A (ІІ) сыныбында «Өсімдіктердің өсуіне гормондардың әсері», химия пәні мұғалімі А.С.Кунанбаева 9D (І) сыныбында «Реакция щелочных металлов», биология пәні мұғалімі Н.Т.Жылқайдарова 8A сыныбында «Бактериялардың түрлі формалары», химия пәні мұғалімі Г.А.Купенова 8 А (ІІ) тобымен «Оттегі және озон», химия пәні мұғалімі С.С.Уйсинбекова 12D сыныбында «Соединения ароматического ряда. Nitration of Benzene Friedel–Crafts Alkylation Friedel–Crafts Acylation”, химия пәні мұғалімі Қ.А.Құдайбергенова 11 сыныпта «Сatalysts» тақырыптарында шеберлік сабақтары мен ашық сабақтар өткізді.



Қ.А.Құдайбергенованың «Сatalysts» тақырыбындағы тақырыбындағы ашық сабағы Р.А. Абдрахманованың «Причины вызывающие нарушение ашық сабағы осанки и плосткостопие»



Оқушылар сабақта белсенділік танытты және жеке, жұп бойынша, топтық жұмыстарды қызығушылықпен орындады. Диалогтық оқыту, дифференциалды қадам және АКТ сабақтарда тиімді пайдаланылды. Сабақ соңында рефлексия жүріп, ұстаз кері байланыс алды.





Оқушылар зертханалық жұмыс жасауда



Кафедра қызметінің сипатамасы

Кафедраның мәліметтері


Кураторлар әдістемелік бірлестігі

Орта мектептегі сынып жетекшісінің жұмысынан куратор қызметінің айырмашылығы келесі бағыттар бойынша:
1.Аналитикалық
Пән оқытушысы болмағандықтан,куратордың оқушылардың жеке – тұлғалық ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге және баланың тәрбиесіне отбасының ықпалын талдауға мүмкіндігі көп.
2.Ұйымдастыру – үйлестіруші
Оқу – білім беру процесінен босатылған куратор оқушылардың еңбекті ғылыми ұйымдастыруға дағдыландыру,қалыптастыру,тәрбиелеу бойынша шаралар жасап,іс жүзіне асырумен айналысады.Және куратор оқушыларға қосымша білім алуға мүмкіндік жасайды,мектептің психологиялық қызметі,ата – аналар қоғамдастығымен,әкімшілікпен және пән мұғалімімен өзара байланысты ұйымдастырады.Куратор өз сыныбының оқуға ынталандыру мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту бойынша жұмысын ұйымдастырады.
3.Денсаулықсақтау бағыты.
Куратор  оқушылармен  өмірі мен денсаулығы үшін жеке жауапкершілікалып жүреді,қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсетеді және оқушылардыңденсаулығын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің нұсқауларын орындаудыұйымдастырады. Сонымен қатар,куратор оқушылардың тамақтануын ұйымдастырады жәнемектептің медициналық қызметімен бірге медициналық тексеруді ұйымдастырады.Куратор зиянды әдеттердің,балалық жарақаттанудың алдын алу және салауатты өмірсалтын насихаттау бойынша жұмыс өткізеді.
Кураторсынып ұжымында қолайлы психологиялық ахуал орнатуға мүмкіндік жасайды, оқушыныңжолдастарымен,мұғалімдермен,ата – аналармен қатынас жағдайларын жасайды.
Сонымен қатар,куратор белгіленген құжаттаманы жүргізеді: сынып журналы,айлық,тоқсандық және жылдық есептер,әлеуметтік паспорт,күнделіктер,табельдер,оқушылардың портфолиосы, т.б.

Жұмыс барысында куратор оқушылардың сабаққа қатысуын,олардың тәртібін,сырт көрінісін бақылайды,пән мұғалімдерінің жұмысын үйлестіреді,бала құқығын қорғайды,балалармен жұмыс тәртібін анықтайды және бекітілген сыныптағы сабақтаға қатысады.Куратордың міндетіне каникул және жазғы уақытында мектеп базасында баланың бос уақытын ұйымдастыру кіреді.
Куратор жұмысының бір бағыты болып ата – аналармен тығыз байланыста қызмет ету табылады.Бұл ата – ана жиналыстары,сауалнама жүргізу,жеке кеңестер беру пән мұғалімдерімен кездесулер ұйымдастыру.Сынып жетекшісімен салыстырғанда,куратор күні бойы мектепте болып,кез келген уақытта ата – аналарға көңіл бөле алады.Және ол тәрбие,балалар мен жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері бойынша кеңес бере алады.
Куратордың әдістемелік жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің өзіндік дамуына,педагогикалық шеберліктің жетілдіруіне,жалпы мәдени ой өрісінің кеңеюіне бағытталған.Әдістемелік жұмыс мектептің және кураторлар кафедрасының жалпы әдістемелік тақырыбы мен жоспарына сәйкес құрылады. Кейбір сұрақтар пайда болған жағдайда,оқушылар ақпарат алу үшін немесе көмек алу үшін кураторға жүгінуге болады.
Сонымен, толық жұмыс күнінің мектебі болып табылатын, Назарбаев Зияткерлік мектебінде куратор білім бері және тәрбиелеу жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.