Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Кітапхана туралы


Біздің кітапхана




Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік физика-математика бағытындағы мектебінің кітапханасы 23 қыркүйек 2012 жылғы ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» бекіткен ережелерге сәйкес және мектеп әкімшілігі бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Кітапхана жұмысы мектеп құндылықтарына негізделген принциптерге құрылған. Сондықтан мектеп кітапханасы жұмысының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
  • жеке тұлғаның түрлі интеллектуалдық және рухани дамуы, білім алуы үшін жағдай жасау;

  • мектепте оқу үрдісін ақпараттық қолдау шараларын жүзеге асыру;

  • студенттер мен оқытушылардың үздіксіз білім алуын жалғастыру және насихаттау;

  • студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау;

  • жеке тұлғаның адамгершілік денсаулығын қалыптастыру;

  • мектеп қауымдастығының барлық қызметкерлері үшін кітапханалық қызмет көрсету және ұйымдастыру;

  • ата-аналармен қарым-қатынас пен ынтымақтастық.

Кітапхана бүгінгі күні тез қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-білім беру кеңістігінің бөлігі болып табылады. Кітапхана ақпараттық ресурстарды жинақтаумен және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін мәдени және білім беретін, ғылыми және көмекші әлеуметтік институт болып табылады.



Мектеп кітапханасының негізгі стратегиялық мақсаты:
мектеп миссиясын іске асыру және қолдау мақсатында мектептің халықаралық деңгейге қол жеткізуі үшін оқу-ақпараттық және мәдени орталық болып табылу.
Кітапхананың негізгі міндеттері:
оқытушылар мен студенттердің жұмысына көмек көрсету үшін білім беру жобаларын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ақпарат құралдарымен қамтамасыз ету, кітапхана пайдаланушыларының ақпаратқа ашық және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге; кітаптар мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының пайдалану, іздеу, таңдау және ақпараттарды сыни бағалауға үйрету; ғылыми-зерттеу және жобалау қызмет процесінде әрбір студенттің жеке шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау.
Биылғы оқу жылында біздің кітапханамыз жаңа жиһаздармен жабдықталып , кітапхана бірнеше зоналарға бөлінді.

Reading zone



Бұл зонада қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиеттер (Орыс классикасы 18-19 және 19-20 ғасырлардағы, роман, повестер) фольклор және балаларға арналған әдебиеттер орналасқан.

Research zone



Мына зонада ғылыми-зерттеу және шетел әдебиеттері орналасқан.

Reading zone

Кітапханада балалардың оқу қызығушылығын көтеру үшін түрлі нысандар мен әдіс-тәсілдер қолданылады. Кітапхана мектеп бойынша өткізілетін пән апталықтарына , ата-аналар жиналыстарына, педагогикалық кеңестер кездесулеріне, оқытушылық қауымдастығының іс-шараларын өткізуге белсене қатысады. Бастауыш сыныптардың ата-аналар отырыстарының бірінде ата-аналардың қатысуымен отбасылық кітап оқу клубын құру ұйғарылды.



Бұл зона отбасылық кітап оқу клубына «Кітап әлемінде » арналған.
Клубтың мақсаты: кітаптар оқуды насихаттау, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда кітап оқудың орнының ерекше мәні бар екенін дәлелдеу.
Бүгін кітапхана әркім өзіне қажет нәрсені табатын шығармашылық даму орталығы болып табылады.
Биыл кітапханада әдеби клуб «BookWorm» ұйымдастырылып, өз жұмысын бастады.
Клубтың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, білім мен шабыт көзі ретінде кітаптар оқуға оқушыларды тарту.
Кітаптар оқуға насихаттау- кітапханашы мен оқытушының бірлескен қызметі, түрлі жанрдағы әдебиеттерді оқу, пәндерді зерттеу қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ету.

Interactive/study zone



Кітапхана әрбір оқырмандармен жеке жұмыс жасауға үлкен көңіл бөледі және кітаптар таңдағанда оқушыларға кеңес беріп, ғылыми-зерттеу жобаларына жәрдемдесіп, әдебиеттер іздейді. Кітапхана пайдаланушылардың әрқайсысының мүдделерін қабылдауға тырысады. Ресурстарға еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Интернет ресурстарын қолдануда ақпараттық қызметтер спектрі кеңейтілді.Студенттердің ақпараттық сауаттылығының арттыру үшін EBSCO, Twig Білім, Bilimland, iMektep электрондық мәліметтер базасын пайдалану бойынша кеңес беру, тренингтер, вебинарлар өткізіледі.
Оқу үдерісін табысты ұйымдастыру үшін негізгі басымдықтардың бірі-оқушылардың білім беру, ақпараттық және көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету болып табылады.
Мектеп кітапханасының қоры ДББҰ Назарбаев Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламаларына сәйкес 2012 жылдың 26 желтоқсанындағы №62 ХҚКО бекіткен тізімге сәйкес құрылды.
Кітапхананың жалпы қоры 56.742 болып табылады.
Кітапхана балаларға арналған ғылыми-танымдық, анықтамалық, көркем әдебиеттермен жабдықталған.
Мектеп оқулықтары арнайы бөлек бөлмеде сақталады. Кітапхана қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын кітапхана қорын түгендеу өткізіледі.
Кітапхана қорын интеграциялауды қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған кітапхана жүйесі KABIS төмендегідей модульдерді қамтиды:
- каталогтау;
- оқырман;
- қор бойынша есеп беру;