Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Біздің жобаларымыз





«НЗМ әрбір оқушысы оқуға тиіс 100 кітап» жобасы


«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» білім беру бағдарламасы аясында оқушыларға оқуға ұсынылатын кітаптардың тізімі дайындалды. Тізімге қазақ, орыс және шетел әдебиетінің ең таңдаулы шығармалары енгізілген.

Кітапханадағы еріктілердің (волонтер) іс-әрекеті

Ерікті (волонтер) деген кім?
Ерікті (волонтер) – қоғамға, достарына, өзіне пайдалы іспен айналысатын адам. Еріктілердің (волонтер) өзге адамдар сияқты өз өмірі, отбасы, оқуы және бос уақыты болады. Ол бұл уақытын демалуға және көңіл көтеруге ғана жұмсамайды, сонымен қатар кітапханадағы жұмыстарға да бөледі.
Кітапханадағы еріктілердің (волонтер) іс-әрекеті – бұл оқырмандармен тығыз жұмыс жасаудың перспективалық түрі және баламен сенімді байланыс орнатуға көмектеседі. Еріктілер (волонтер) мектепті аяқтағанша кітапхананың бірінші көмекшілері мен достары болып қалады.
Еріктілер (волонтер) іс әрекетінің мақсаты– кітаптарды насихаттау, баланың шығармашылық қабілетін дамыту. Осы мақсатқа жету үшін кітапханашының тапсырмасы құралдарды таңдаудың жоғары үлгісі. Бірінші кезекте біздің басты құралымыз – кітап.
Кітапхананың еріктілері (волонтер) әр түрлі жұмыстарды орындай алады: кітаптарды өңдеп, орын-орындарына қояды, фондты тексере алады, кітапхана ережелерін сақтамағандармен жұмыс жүргізе алады, кітапхана жұмысын жарнамалай алады, кітапханаға қажет кітаптардың тізімі бар ақпараттық парақшаларды тарата алады, кітаптың қағаздан жасалған белгі бауын рәсімдей алады. Еріктілер (волонтер) жыл бойына кітапханашыларға оқулықтарды беуге көмектеседі және олардың сақталауын бақылайды, жаңа кітаптарды жарнамалайды, іс-шараны өткізуге кітапханашыға көмектеседі.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде балалармен тығыз байланыс орнайды, жаңа заман балаларының кітапханашы мамандығына деген қызығушылығын қалыптастырады. Олар тек кітапханашының кәсіби және іскерлік қасиеттерін ғана бағалап қана қоймайды, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді: жақсылыққа құмар болуға, әдептілікке, балаға және кітапқа деген махаббатқа баулыйды. Айдың соңғы сенбісінде еріктілер (волонтер) кітапханада кездесіп, келесі айдың жұмыс жоспарын талқылайды.

Отбасымен бірлесе оқуға арналған «Кітап әлемінде» клубы

Отбасымен бірлесе оқу - жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын жетілдіруге, өсіп келе жатқан адамның жеке тұлғалық қасиетінің дамуына толық бағытталған, қарым-қатынас жағдайында ересек адамның және балалардың шығармашылық қызметі.
Өз жұмысын жақсы білетін, әрбір отбасыны жақсы тани алатын мектеп кітапханашылары, сынып кураторлары осы кітап арқылы әр отбасының ахуалына әсер ете алады, сонымен қатар әлеуметтік педагог, оқылым ұйымдастырушысы рөлінде сөз сөйлейді.
Кітапты барлығы бірлесе оқуы үшін әр апта сайын кітапханада ата-аналар мен балалар жиналады. Бірлесіп оқу - бұл орасан еңбек, анасы оқып отырған кезде баласы мұқият тыңдап, қиялдайды, өздерінің достары мен әдебиет кейіпкерлері өмір сүретін ғажайып әлемді құрады. Анасы шығарманы дауыстап оқып отырған кезде ол баласына көңіл бөліп қана қоймайды, баланың қызығушылығын арттырады, оқылған шығарманы бірге талдайды. Анасы баласының жай тыңдап қана қоймай зер салып, мұқият тыңдауға үйретеді. Балаларға арналған кітаптарды оқу әрдайым жағымды әсерге толы, мәселен, өз балаңды түсінуге көмектеседі және өзіңнің балалық шағыңды еріксіз еске түсіреді.







Біздің жобаларымыз
     
 
 
   
   
 
барлық бөліктер   3   бөліктер х бетте көрсетеді            
   
Құжат СипаттамаКөлемі 
100 Кітаптар.docx  45,00 KB
100 Книг.docx  45,00 KB
The 100 Books.docx  45,00 KB