Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Ақпарат ресурстары

Құрметті Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері!


iMektep
Бастауыш мектеп бағдарламасы
imektep.kz
Еліміздің үздік әдіскерлері мен оқытушылары күш біріктіріп, жүзеге асырған қазақ тіліндегі бастауыш мектеп курсы. Бұл оқыту кешені бастауыш мектеп бағдарламасына енген негізгі 8 пән бойынша толықтай анимацияланған сабақ үлгілерін ұсынады.
• Математика
• Дүниетану
• Ана тілі
• Қазақ тілі
• Әдебиеттік оқу
• Бейнелеу өнері
• Музыка
• Еңбекке баулу
• Өзін-өзі тану
пәндерінен тұратын бұл курс 170- тен аса тақырыпты қамтиды. Әр сабақ берілген тақырыпты жан- жақты ашатын қысқа анимациялық фильм (титр шығару мүмкіндігі қарастырылған) мен ойын түріндегі интерактивті тапсырмалардан және тестерден құралған. Курс интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы классификациялау жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.





Барлық мультфилимдерде екі кейіпкерлер бар, Алан мен Дана. Алан үлкен аға болып, Дана қарындасына барлығын түсіндіреді. Олар бірге әр қилы жағдайларда болып, қызықты әрі оңай түрде әр-түрлі тақырыптарды түсіндіріп, ойын ойнатады. Бұл бастауыш мектептегі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай әдейлеп жасалған мультипликациялық ресурс.
Оқу ресурсы bilimland.kz үшін арналған аккаунттар (логин мен құпия сөздер) iMektep үшін де бірдей болады, яғни bilimland.kz -те аккаунттарын белсендіріп алған қолданушылар автоматты түрде iMektep.kz ресурсына қосыла алады.




EBSCO халықаралық электронды мәліметтер базасы


http://search.ebscohost.com/
Мәліметтер базасына Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ барлық мұғалімдері мен оқушыларына кіруге рұқсат.
EBSCO халықаралық электронды мәліметтер базасының басымдылықтары қандай?
Біріншіден, интернеттен таба алмайтын ауқымды ақпарат көзі. EBSCO-да білімнің әр түрлі салалары бойынша ауқымды бірнеше ақпараттар базасы, мәселен, (кітаптар, мақалалар, мәтіннен тұратын журналдар, бейнекітаптар, теледидар мен радио бағдарламалардан жазылған бейнежазбалар, графикалық материалдар суреттер, фотографиялар және т.б., тесттік тапсырмалар, әр түрлі деңгейге арналған ағылшын тіліндегі мәтіндер) бар. Мұнда, сіз 1980 жылдан бастап қазіргі заманға дейінгі аралықтағы өмірдің әр түрлі салалары қамтылған, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша кең ауқымды хранологиялық диапазонды мәліметтерді табасыз. Өзіңіздің жеке аккаунтыңызды құруға, мәліметтерді орыс тіліне аударуға, көшіруге, хаттарды (мысалы, кітаптардың, мақала мәтіндерін немесе мәтінге тек сілтеме көрсету) өз поштаңызға және басқаларға жолдауға мүмкіндігіңіз бар. http://support.ebsco.com/ қолданушыларына қолдау көрсеті сайты. Орыс тіліндегі http://support.ebsco.com/training/lang/ru/ru.php EBSCO қолдану бойынша анықтамалық материалдары бар сайт.

НЗМ мұғалімдері мен оқушыларына «BilimLand және Twig-Bilim» жаңа ұрпақтың электронды білім беру ресурстары қолжетімді.

www.BilimLand.kz
www.twig-bilim.kz
Bilim Media Group – Қазақстанның электронды білім беру нарығы үшін жаңадан қалыптасқан инновациялық компания (e-learning).
Twig World – электронды білім беру саласында бірнеше мәрте халықаралық сыйақыға ие болған жетекші британдық білім беретін компаниялардың бірі.
«Twig» жаңашыл білім беру кешенін әлемнің 30-дан астам елі табысты қолданып келеді.
Енді, әлемнің ең үздік білім беру ресурсы Bilim Media Group және Twig World-ның бірлескен жұмысының арқасында физика, математика, химия, биология және география пәндері бойынша 2000 астам қысқа фильмдер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалды, мұнда Қазақстанның барлық мұғалімдері мен оқушыларына кіруге рұқсат.