Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Пікірлер
- Мен интернатта жатып оқитыныма өте қуаныштымын. Мұнда барлық жағдай жасалған, мәселен бөлмелеріміз жайлы, әдемі, үйде отырғандай сезінеміз. Интернатта жүріп, би студиясына, халық аспаптарының үйірмесіне қатысамыз. Интернатта тамаша оранжерея бар, демалатын орын десек те болады, себебі мұнда шаршағанымыз басылып, оқуға деген құлшынысымыз оянады.

Нуралина Амина
9 Д сыныбының оқушысы

- Интернат- енді менің екінші үйім! Тәрбиешілер мен медицина қызметкерлері бізге жақсы қарайды. Ең бастысы, сабақтан кейін біздің футбол алаңына барып ойнай алатындығым қуантады және жаттығу занына барамын. Бүгінде мен оқуды да, спортты да қатар алып жүрмін, тіпті, өзімнің сүйікті істеріммен айналысуға да уақыт табамын.

Дурсунов Рамазан
8 С сыныбының оқушысы

- Интернаттағы өміріміз өте қызықты өтеді. Осында жүріп жаңа достарды таптым. Біз бір-бірімізге сабақ жағына көмектесеміз, бірге жүріп қойылған мақсаттарға жетуге тырысамыз. Мен өте қуаныштымын!

Батаева Гайникамал
9 А сыныбының оқушысы