Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Интернат тарихы
2015 жылдың 1 қыркүйегінде Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанынан интернаттың ашылу салтанаты өтті. 120 орынға арналған интернат 4 қабатты, 2 корпустан тұрады: А корпусы және В корпусы. Мұнда балалар үшін барлық жағдай қарастырылған. Корпустың әр 2, 3 пен 4 қабаттарында 10 жатын бөлмелерден бар. Ғимарат іші жаңа, жайлы жиһаздармен жабдықталған. Әр бөлмеде екі баладан тұрады. Корпустың барлық қабаттарында демалатын бөлмелер бар, мұнда балалар өз еріктерімен теледидар көріп, ән тыңдап, караокемен ән айта алады. Сонымен қатар интернатта оқушылар үй тапсырмасын орындап, өз бетімен жобаларға дайындала алатындай компьютермен жабдықталған 2 бөлме бар.
А блогының 1 қабатында аяқ-киім мен сыртқы киімдерді сақтауға арналған гардероб, оранжерея, ата-аналармен кездесуге арналған бөлмелер бар. В блогының 1 қабатында оқушылардың қосымша тамақтануына арналған буфет, медициналық көмек көрсету үшін медициналық блок, ауырып қалған балаларды оқшаулау палатасы, киімдерді жуу және кептіруге арналған бөлмелер тағы бар.
Мектеп жанындағы интернатта үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс жасайды: «Көркем сөз» (драма), би студиясы, ұлттық аспаптар мен гитара үйірмесі, футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, джиу-джитсу бойынша секциялар.
Мектеп психологтары психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін тренингтер мен жеке кеңестер жүргізеді. Жексенбі күндері оқушыларға экскурсия, туристік саяхаттар, футбол, волейбол бойынша жолдастық кездесулер ұйымдастырылады.
Интернаттың тәрбиешілері барынша оқушыларға жайлы жағдай жасауға көмектеседі, тәрбиелушілердің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды, және техникалық қауіпсіздік шаралар бойынша нұсқаулық өткізеді.