Талдықорған Мектеп порталы
kk-KZru-RUen-US
Сұрақ/жауап

Сұрақ: Бізге яғни басқа қаланың ата-аналары үшін мектеппен қатынасуға мүмкіндігіміз жоқ, сол себепті бізге ақпарат жеткізудің қандай жолдары бар?
Жауап: Мектебімізде ата-аналарға арналған электронды пошта үздіксіз жұмыс жасайды. Мұнда кураторлар, психологтар, медицина қызметкерлері апта сайын керекті ақпараттарды ата-аналардың электронды поштасына жіберіп отырады. (жаңалықтар, аптаға арналған жоспар, хабарламалар, тәрбиелеу және оқыту бойынша ұсыныстар т.б.)

Сұрақ: Сіздің мектебіңізге құпия жолығу үшін әдістер мен жағдайлар қарастырылған ба?
Жауап: Біздің мектебіміздің психологиялық қызметінде 2013 жылдың наурыз айынан бастап «Сенім телефоны 21-98-65» жұмыс жасайды. Педагог-психологтар сіздің әңгімеңізді тыңдап, жұмыс аптасының әр күніне сағат 09.00 бастап 17.00 дейін жеке кеңеске жазып алады.

Сұрақ: Мектепте психологтармен жеке әңгімелесу кабинеті бар ма?
Жауап: Мектепте педагогтар мен оқушылардың психологиялық ахуалын жақсартуға арналған жайлы бөлме қарастырылған. Бұл аса үлкен емес, эстетикалық тұрғыда рәсімделген: жылы түске боялған, жарықтандырылған, жылы жайлы бөлме.

Сұрақ: Назарбаев Зияткерлік мектебінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту мен бос уақытын ұйымдастыру үшін қандай үйірмелер жұмыс істейді?

Жауап: Назарбаев Зияткерлік мектебінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту мен бос уақытын ұйымдастыру үшін «Мен дизайнермін», «Домбыра», «Хор», «Суда жүзу», «Теннис», «Джиу-джитсу», қазақ және ағылшын тілінде «Драма» үйірмелері жұмыс істейді.

Сұрақ: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту мен бос уақытын ұйымдастыру үшін қандай үйірмелер жұмыс істейді?

Жауап: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту мен бос уақытын ұйымдастыру үшін «Мен дизайнермін», «Домбыра», «Хор», «Суда жүзу», «Теннис», «Джиу-джитсу», қазақ және ағылшын тілінде «Драма» үйірмелері жұмыс істейді.

Сұрақ: Бастауыш сынып оқушылары қандай бағдарламамен оқытылады?

Жауап: 3-5 сынып оқушылары 2010 жылдың оқу бағдарламасы бойынша, ал 1-2 сынып оқушылары Кембриджбен бірлесе құралған Кіріктірілген оқыту бағдарламасы бойынша оқытылады.